Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2413 материал табылды

Өндіріс • 05 Қазан, 2024

Геосинтетикалық материал шығаратын зауыт

Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымының бірі – отан­­дық экономиканы әртараптандыру. Мұның астарын­да екі мақ­сат бар. Біріншіден, инвестиция тар­тып, бәсекеге қа­білетті түрлі өнім шығару қажет. Екін­шіден, сапалы өнім­дер импортты тауарларды алмас­тыруға жол ашады.

Отбасы • 05 Қазан, 2024

Жас отбасының үшемі

Атырау облысында 29 жастағы келіншек өмірге үш ұл (үшем) әкелді. Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген үшем­нің салмағы үш түрлі – 2 кило 249, 2 кило 533, үшіншісі – 2 кило 608 грамм.

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Құлсарыдағы ауызсу сапасы талапқа сай

Атырау облысында Қиғаш өзенінен су жеткізетін магистралды су құбыры бар. Құбыр арқылы келген техникалық суды ауызсу сапасына дейін жеткізетін «Құлсары» су тазарту құрылғысы жұмыс істейді. Өндірістік сүзгіден өткен ауызсу Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласы мен «Теңіз» вахталық кентіне жеткізіледі.

Форум • 28 Қыркүйек, 2024

Жаңашыл жастар жетістікке жетеді

Атырауда «Sarayshyq upgrade – 2024» халықаралық жастар форумы екінші рет өтті. Оған қатысуға мыңнан аса жас ниет білдірген. Форумға ірік­теуден өткен 300-ден аса жас қатысты. Олар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекетінен, еліміздің барлық қаласынан келген.

Шаруашылық • 27 Қыркүйек, 2024

Тауарлы несиеге – төрт түлік

Атырау облысының фермерлері тауарлы несие беру бағдарламасына қолдау білдірді. Енді олар несиеге 990 бас мал ұсынуды көздеп отыр.

Тағзым • 25 Қыркүйек, 2024

Қаһарман Хиуаз ескерткіші

Ресейдің Астрахан облысымен шектесетін Құрманғазы ауданын­да Хиуаз аталатын ауыл бар. Жаңаталап ауылдық округіндегі бұл ауылға Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілген.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024

Медицина саласына – 40 көлік

Атырау облысының медицина саласын санитарлық көлікпен қамту үшін жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Мәселен, былтыр жергілікті бюджет есебінен 40 санитарлық «Соболь» көлігі алынған. Ал жақында медицина мекемелеріне тағы да осынша көлік берілді.

Технология • 20 Қыркүйек, 2024

Шөп шабатын «танк»

Атырау қаласының маңында бірнеше елді мекен бар. Жергілікті тұрғын Бағытжан Досанов Кеңөзек, Алғабас ауылдарының көшелерінде өскен арам шөпті «танкпен» шауып жүр.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024

Жүлдегерлерге – жеңіл автокөлік

Атырау облысында мүм­кіндігі шектеулі 1 367 адам спорттың бірнеше тү­рімен шұғылданып жүр. Оның ішінде 16 параспортшы Париж Па­ралимпиадасында пара-дзюдо, паратаеквондо, волейболды отырып ойнау, параүстел теннисі, паражеңіл атлетикадан бақ сынады.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024

Құлсары тұрғындарының қуанышы

Биыл көктемдегі тасқын су Атырау облысының тұрғындарын біраз әбігерге салды. Жем өзенінің арнасынан асқан тасқын су Құлсары қаласындағы 2 600 үйді басқан еді. Содан бері бүлінген 1 455 үй бұзылып, 1 187 баспана күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.