Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025

Атырау облысының Жылыой ауданында ірі қара өліп жатыр

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, малдың неден қырылғаны әзірге белгісіз, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының Жылыой ауданында ірі қара өліп жатыр

«Бақашы учаскесінде 21-22 қыркүйекте бірқатар ірі қара малдың қырылғаны анықталды. Ветеринариялық мамандар тексеру жүргізді. Өлекселерден жұқпалы ауру белгілері табылған жоқ. Алдын ала себебі улану деп болжанып отыр», деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Аудандық ветеринария стансасының басшысы Нұрболат Өрбісіновтің айтуынша, зертханалық тексеру үшін малдың өлекселерінен патологиялық үлгілер мен Жем өзенінен су сынамалары алынған. Нақты қорытынды арнайы зерттеулерден кейін белгілі болады.