Ауа райы • Бүгін, 14:50

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

1 мин
оқу үшін

9-11 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, батыс циклонның салдарынан елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

9-11 маусым күндері елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Ауа температурасы өңірлер бойынша әртүрлі болады. Батыста күндіз +27...+35 градусқа дейін жылынса, солтүстікте +17...+28 градусқа дейін төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +25...+33 градус шамасында сақталады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27...+35 градусқа дейін жылынады. Шығыста аптап ыстық сақталып, сынап бағаны +32...+39 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басқан еді. 

Соңғы жаңалықтар