
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Атырау: Үй қамаққа қамалған қыз
Өзгенің затына, ақшаға қол сұғу да –қылмыс. Бұл жас та, жыныс та таңдамайды. Әлеуметтік желіде азық-түлік дүкенінің кассасына қол сұққан қыз туралы видео жарияланған еді.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Атырау: Жоғалған жасөспірімдер даладан табылды
Бұл оқыс оқиға Махамбет ауданында тіркеліп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс іздестіруге шыққан. Бірақ, сол күні қыстаққа қайта оралмаған.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Атырау: Мұнай компаниясынан 1 млрд 281 млн теңге өндірілді
«Қара алтын» өндіретін отандық кәсіпорын 1,3 млн текше метр газды ауаға заңсыз жағып, қоршаған ортаны бүлдіріпті.
Коронавирус • 04 Маусым, 2020
Covid-19: Атырауда екі адам қайтыс болды
COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның хабарлауынша, қайтыс болған екі науқас та – Атырау облысының тұрғындары.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Атырау: Ата-анадан ақша не үшін жиналады?
Өзге жақты қайдам, бұл өңірде ата-аналардан ақша жинау әлі де тиылған жоқ. Неге? Жиналған ақша қайда жұмсалады? «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен өткен онлайн-конференцияда мектеп директорлары мен ата-аналар комитетінің 92 мүшесі бұл мәселені кеңінен талқыға салды.
Экономика • 03 Маусым, 2020
Атырау экономикасының жетекші саласының бірі – балық шаруашылығы. Қазір өңірде судан маржан сүзіп, балық өнімдерін ішкі нарыққа таратып, тіпті шетелдерге де экспорттап отырған 19 құрылым бар. Соның бірі – «Сaspian Royal Fish» ЖШС. Бұл серіктестіктің балық өсіру зауытында бағалы бекіре тұқымдас балықтар өсіріліп, қара уылдырық дайындалады.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Атырауда ауланған балықтың басым бөлігі экспортталды
Көктемгі балық аулау маусымында балықшылар 6 492 тонна балық аулап, бөлінген лимиттің 87 процентін игеріп отыр.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Атырау: Армениядан көлік әкелген жүргізуші нөмір алды
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, ел аумағына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген сол жақ рульді армян машиналарын уақытша тіркеуге рұқсат берілген еді.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Атырау: Тағы 69 адам індетке шалдықты
Кеше ғана коронавирус індетін жұқтырушылар қатары азайғандай болған еді. Алайда, соңғы тәулікте тағы да 69 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2020
Атырауда 1 маусымда карантин алынады
Баршаның қозғалысын шектеген карантин Атырауда 8 маусымға дейін созылған еді. Алайда, енді карантинді 1 маусымда сағат 00:00-де мерзімінен бұрын алып тастауға ұйғарым жасалып отыр. Осыған орай облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев арнайы қаулыға қол қойды. Ол бұл қаулыға қол қоярда соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының 7 пайыздан төмен тіркелуін негізге алыпты.