Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Атырау облысында Түркияның жүк көлігі өртенді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 17 қыркүйекте Құрманғазы ауданының аумағында Түркиядан құрылыс материалдарын тиеп, Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында Түркияның жүк көлігі өртенді

"Департаменттің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 20:24-те Құрманғазы ауданында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 798-шақырымында Түркиядан келе жатқан "Mercedes Benz" маркалы фура автокөлігінің жанғаны анықталды. Көлікке Өзбекстан Республикасына жеткізілуі тиіс құрылыс материалдары тиелген. Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Көлік өрті сағат 23:19-да толық жойылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше