Оқиға • 23 Тамыз, 2024
Атырау облысының аумағында көк зеңгірмен таласқан биік тау кездеспейді. Бірақ Ақкегершін, Ақтолағай, Қойқара, Иманқара, Шөлқара аталатын тауға бергісіз жоталар бар.
Медицина • 23 Тамыз, 2024
Атырау облысында кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірнеше жоба қолға алынған. Осыған орай өңір орталығы мен аудандарда аталған саланың қызмет сапасын арттыру жоспарланып отыр.
Жемқорлық • 23 Тамыз, 2024
Тәуекел картасындағы түйткілдер
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарға жаза күшейтілгеніне қарамастан бюджет қаржысынан қарпып қалуға тырысатындар қатары әлі де кездеседі. Қазынадан бөлінген қаржыны көргенде жемсауы бүлкілдеп тұратындарды анықтауға жемқорлыққа қарсы еріктілер атсалысып келеді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Атырауда 153 түлек әкім грантын иеленді
Биыл Атырау облысы әкімінің білім гранты 153 түлекке берілді. Оның ішінде медицина саласын таңдаған 84 жас бар.
Қылмыс • 21 Тамыз, 2024
Өкінішке қарай, азаматтардың құқығын бұзу дерегі азаяр емес. Мұндай өрескел әрекет балтыры сыздап, басы ауырған жандар жүгінетін дәрігерлер тарапынан да болып отыр. Тіпті кей дәрігерлер азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеуді әдетке айналдырған. Мәселен, Атырау облысындағы Жылыой аудандық прокуратурасы Құлсары қаласында есепте тұрған 4 мыңнан аса науқасқа тегін дәрі-дәрмектің берілмегенін анықтады.
Қоғам • 20 Тамыз, 2024
«Бәйге берем жығылған балуанға да...»
Париж Олимпиадасының дүбірі әлі басыла қойған жоқ. Дүбірлі додада атыраулық спортшылар атынан дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова бақ сынады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2024
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы мамандарымен, шаруалармен кездесті. Өйткені бұл аудан тұрғындарының дені осы салада жұмыс істейді.
Экология • 17 Тамыз, 2024
Табиғатты бүлдіру тыйылмай тұр
Елімізде ауасы ластанған бірнеше өңір бар. Соның бірі – Атырау облысы. Табиғат жанашырлары да, сала мамандары да мұны мұнай-газ өндіріп жатқан кәсіпорындардың қоршаған ортаға жанашырлық танытпауымен байланыстырады.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерілген әлеуметтік бес қауіпті кеселдің бірі – лудомания. «Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады», деген еді Президент.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
«Қашаған» газының игілігін қашан көреміз?
Еліміздің құрлықтағы кен орындарынан «қара алтын» өндіріле бастағалы 125 жыл өтті. Ал Каспий теңізінің тереңіне тұнған мол мұнайды өндіруге қадам жасағалы көп бола қойған жоқ.