
Кино • 15 Желтоқсан, 2023
«Қорқыт» телехикаясы төрт елде көрсетіледі
«Қорқыт» телехикаясы Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан телеарналарынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2023
«Сүйегім үш жерінен бөлініп, темірмен бекітіп қойды». Әлем чемпионы неге жеңілгенін түсіндірді
Бокстан Токио жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов «Qazaq Ring» ютуб арнасына берген сұхбатында биылғы сәтсіздігінің себебін айтты. Ол осы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы айналымында үнді боксшысы Дипак Құмарға есе жіберді. Қыркүйек айында Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарының екінші айналымында өзбек Хасанбой Дусматовтан аса алмаған еді.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2023
Менің тағдырымды алты баламның басына бермесе деп тілеймін – әлем чемпионы
Елімізде пара дзюдо кенже дамыған спорттың бірі. Алғаш рет жазғы Азия пара ойындарына балуандарымыз осы спорттан 2018 жылы қатысып, күміс, қола медаль олжалады. 2014 жылдан бастап ресми қолға алынған пара дзюдодан бізге бұйырған табыс та қомақты. Қазақстанда пара дзюдо спортынан тегеурінді балуанның бірі – Ерғали Шәмей. Пара дзюдо дуына қосылған тоғыз жылдың ішінде Азия чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды, жазғы Азия пара ойындарында жеңіске жетті. Әзірге бұйырмай тұрғаны – Паралимпиаданың алтыны. Жуырда Жапонияның Токио қаласында пара дзюдодан өткен Grand Slam додасында Ерғали Шәмей қола медаль иеленді. Токио шаһарынан келген сәтінде Астанадағы үйіне емес, бірден Түркістанға оқу-жаттығу жиынына тартқан балуанмен тілдестік.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Бір жыл ішінде іздеуде жүрген 2 500 қылмыскер ұсталды – полиция
Биыл Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 2500 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
12 баласы бар отбасыға қанша теңге мемлекеттік жәрдемақы берілетіні айтылды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 540,8 мың отбасы жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 557,3 мың отбасына 37,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2023
Ақтауда бірегей тыңайтқыш өндіретін кешен салынады
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Tecnicas Reunidas компаниясының атқарушы төрағасы Хуан Лиадо химия және мұнай-газ химиясы салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл балалар спортын дамытуға 43,2 млрд теңге бөлінді
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев туризм мен спортты дамыту саласында қабылдаған шаралар, келесі жылға жүктелген міндеттер турасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Ескірген қазандықты елу жылдан бері пайдаланып келеміз – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, қыстың көзі қырауда жылу жүйесіндегі ақаудың жыл сайын орын алатынын сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
7 баланың әкесі отбасымен Қонаевтың зиратын тазалап, өз қаржысына бәйге өткізіп жүр
Алматы қаласындағы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың бейітін тазалап, қоршауын сырлап, бүтіндеп жүрген азаматтың өнегелі ісі әлеуметтік желіде тарады. Көпшіліктің ықыласына бөленген жанды іздеп тауып сұхбаттастық. Өзі жеті баланың әкесі екен. Қалдарбек Сраилов астындағы автокөлігін Дінмұхамед Қонаев атындағы аламан бәйгенің бас жүлдесіне тігіп, үй саламын деген жер учаскесін сатып, еркін күрестен турнир ұйымдастырыпты.
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2023
Сот жүйесін реформалау талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировпен кездесіп, сот жүйесін реформалау жөніндегі заңнамалық түзетулердің екінші блогын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.