Спорт • Кеше
Әлем шабандоздары бас қосқан аламан
Астанада ат спортынан халықаралық деңгейдегі беделді турнир ұйымдастырылды. Елордада алғаш рет өткен дүбірлі додаға әлемнің 12 елінен келген спортшылар қатысып, үш күн бойы жанкүйерлерге тартысты бәсеке сыйлады. Халықаралық аламанда үздік шыққан шабандоздар жүлделермен қатар маңызды рейтингтік ұпайларға да қол жеткізді.
Медицина • Кеше
Елімізге білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі енгізіледі. Бұл орайда сұранысқа ие 50-ден астам мамандық иесін шақырту көзделіп отыр. Оның ішінде ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия, креативті индустрия сынды салалардағы жоғары білікті мамандар бар.
Спорт • 30 Мамыр, 2026
Қажымұқан атасының жолын қуған балақай
Қазақ күресінде күні бүгінге дейін ас пен тойда автокөлік, қомақты қаражат, төрт түлік мал секілді жүлделер көбіне ересектер арасындағы жарыстарға тігіліп келгені белгілі. Әсіресе бас жүлдеге темір тұлпар тігілген додаларға негізінен үлкен балуандар қатысатын. Ал жас балуандар арасындағы жарыстарда қаржылай сыйақы болғанымен, автокөлік секілді ірі жүлденің бұйыруы сирек кездеседі.
Білім • 25 Мамыр, 2026
«119 жоба, 119 мүмкіндік – бір болашақ»: Елордалық оқушылар ғылыми жобаларын таныстырды
Астанадағы №119 жайлы мектепте 2025-2026 оқу жылының қорытындысы аясында «119 жоба, 119 мүмкіндік – бір болашақ» шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқу жылы барысында жүзеге асырылған жобалық жұмыстарды қорытындылау, оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы нәтижелерді көрсету және педагогтердің үздік тәжірибелерін тарату, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 13 Мамыр, 2026
Астанада KazChess Awards 2026 ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл тек жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі ғана емес, жұмыстың нәтижесі сараланатын шара. Шахматшыларымыз 2023 жылы халықаралық жарыстарда 126 медаль, 2024 жылы – 160, ал 2025 жылы 162 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 17 Сәуір, 2026
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
«Динамо» клубының түлегі Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта нокаутпен жеңді. Тараз қаласында өткен «ALASH PRIDE FC» лигасында жас боксшы кезекті жарқын жеңісімен ерекшеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ерекше балаларға – елеулі көзқарас
Елімізде аутизм сырқатына шалдыққан балалардың саны кейінгі жылдардың бедерінде күрт өсіп отыр. Аутизм спектрінің бұзылысын ерте анықтап, емдеуге ерекше екпін салудың маңызы жоғары. Тіпті кеселдің алғашқы белгілері қылаң берген сәттен-ақ дәрігер мамандардың еміне жүгіну қатер бұлтын сейілтуге септеседі.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Сәуірдің 11-нен 12-не қараған түнде елорданың Есіл ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан кәмелетке толмаған үш бала ажал құшып, аналары ауруханаға жеткізілді. Жедел жеткен төтенше жағдай қызметкерлері әбжіл әрекет етіп, бірнеше адамды эвакуациялады.
Білім • 14 Сәуір, 2026
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Биыл жыл басынан бері 36,1 мың азамат, оның ішінде 16,7 мыңға жуық жұмыссыз «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курс оқып, сертификат алды. Платформада барлығы 1,3 миллионнан астам адам тіркелген.
Бокс • 11 Сәуір, 2026
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Екі аптаға ұласқан бәсекеде боксшылар құрлық үздігі атануға барын салып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатынан 3 қола, 1 күміс, 4 алтын медаль олжалады.