Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1220 материал табылды

Спорт • 25 Қаңтар, 2025

Туриннен табысты оралды

Италияның Турин қа­ласында ХХХІІ дүние­жүзілік Қысқы Уни­вер­сиада ойындары аяқ­талды. Ел үмітін арқа­лаған спортшыларымыз дүбірлі додадан 14 медаль олжалап, жалпы есепте 12-сатыға тұрақтады. Он күнге ұласқан қысқы аламанда елімізден ат­­танған 103 спортшы 11 спорт тү­рінен додаға қосылып, 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль иеленді.

Еңбек • 24 Қаңтар, 2025

Адалдықтың абыройлы жолы

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдік мұрат-мүдде қағидасын жас ұрпақ санасына сіңіре беру керек екенін баса айтты. Адал адам мұратына ақ адал еңбегімен ғана жетеді. Әділетті қоғамды таза табыс иелері ғана орната алады.

Қоғам • 22 Қаңтар, 2025

Әлеуметтік төлем сомасы артты

Былтыр елімізде түрлі топтағы мүгедектерге, сондай-ақ асы­рау­шысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеумет­тік жәрдем­ақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге бөлінді. Бұған қоса Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар мен асыраушысыз қалған қамкөңіл жандарға 80,3 млрд теңге әлеуметтік төлемдер аударылды.

Спорт • 21 Қаңтар, 2025

Софьяның қоласы

ХХХІІ дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында Софья Само­делкинаға қола жүлде бұйырды.

Қысқы спорт • 21 Қаңтар, 2025

Никитаның алтыны

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында еліміздің спортшыларына кезекті медальдар бұйырды.

Еңбек • 17 Қаңтар, 2025

Адал еңбек әділ бағалануға тиіс

Президент Жолдауында айтылған тапсырмаға орай биыл Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде бірқатар ауқымды іс-шара жүзеге асырылмақшы. Елдің еңбек нарығының негізі саналатын жұмысшы мамандықтарын жандандыру қашанда маңызды. Жұмыс істейтін азаматтардың жартысынан көбінің (52%) кәсіптік, техникалық білімі бар. 2 мыңнан аса жұмысшы мамандығын игерген 2,3 миллион адам еңбек етеді.

Спорт • 17 Қаңтар, 2025

Жерлесіміз жаһан үздігінен үміткер

Дзюдо күресінен өткен жылдың үздігі аталымы, яғни IJF Judo Awards 2024 сыйлығының шорт-парағы жарияланды. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) ұсынған тізімде былтырғы Париж жазғы Олимпия ойындарының жеті бірдей чемпионы бар болатын. Дауыс берудің нәтижесінде шорт-параққа үш үздіктің есім-сойы жазылды.

Теннис • 17 Қаңтар, 2025

Жеңісті жол жалғасты

Аустралияның Мельбурн қала­сында өтіп жатқан Aus­tralian Open-2025 турнирінің екінші айналымында да теннисші қыз­дарымыз жеңіске жетті.

Спорт • 17 Қаңтар, 2025

Медаль жауған күн

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы Универсиада додасында еліміздің спортшылары сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ең алдымен фристайл-могулдан мық­тылығын паш еткен студент спортшылардың еңбегі ерен.

Қысқы спорт • 16 Қаңтар, 2025

Алтын қыз – Анастасия

Италияның Турин қала­сында өтіп жатқан дү­ниежүзілік қысқы Уни­версиада ойындарында ел қоржынына алғаш­қы медаль түсті. Ақ ала­ман­ның алтын медалін қан­­жығамызға әлем чемпионы Анастасия Городко байлады.