Спорт • Бүгін, 18:48

Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылдың ақпан айында Италияда қысқы Олимпия ойындары басталады. Дүбірлі аламанда еліміздің делегациясын бастап, ту ұстап шығушы спортшылар әлі нақты анықталған жоқ деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?

Бұған дейін қысқы Олимпиаданың ашылуында ту ұстап шығатын спортшыларға қатысты алып-қашпа, негізсіз мәлімет тараған еді. Осының анық-қанығын Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Елсияр Қанағатовтан сұрадық.

«2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шығатын спортшылар туралы жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Қазіргі уақытта ту ұстаушыларды таңдау жөнінде ешқандай нақты шешім қабылданған жоқ.

Қоғамдық кеңестің отырысында ықтимал үміткерлер мен іріктеу критерийлері ғана талқыланды. Сондықтан бұл ақпарат ресми сипатқа ие емес. Бұқаралық ақпарат құралдарында нақты спортшылардың аты-жөнінің аталуын расталмаған қауесет ретінде қабылдау қажет.

Ту ұстаушыларға қатысты түпкілікті шешімді Туризм және спорт министрлігі Олимпиаданың басталуына жақын қалғанда спорттық жетістіктерді, Олимпиадаға дайындық деңгейін және тиісті іріктеу рәсімдерін ескере отырып жариялайды. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттық құраманың құрамы мен ту ұстаушылар туралы ақпаратты жариялау кезінде тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», деді Е.Қанағатов.

Соңғы жаңалықтар