Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024
Сұңқарлар сайысының жөні бөлек
Дүбірі жақыннан естілетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының инфрақұрылымы да барлық талапқа сай жабдықталған. Дүбірлі дода өтетін нысандарға жөндеу жұмысы жүргізіліп, талапқа сай жаңартылды. Төрткүл дүниенің әр тарабынан келетін қатысушылар үшін барлық жағдай жасалмақ. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына арнайы соғылған атқора, құстарды ұстайтын орын, жануарлардың жемшөбі мен суын сақтайтын қойма, жарақаттанған жағдайда емдік шарасын көрсететін ветеринарлық клиника доданы қабылдауға дайын.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024
Астанадағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында 89 мемлекеттен келетін қатысушылар 21 спорт түрінен тартысқа түседі. Ең көп медаль жиынтығы күрес түрлеріне бөлініп отыр.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2024
Парижде өтіп жатқан ХVІІ жазғы Паралимпиада додасында ел қоржынына кезекті медальдар түсті: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола! Қазақстан спортының тарихында Давид Дегтярев алғаш болып Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанса, Ақмарал Науатбек пара дзюдодан алтын, Нұрдәулет Жұмағали пара жүзуден күміс жүлде олжалады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024
Елорда төрінде өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі басталды. Адамзаттың жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен мекені саналатын Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Ботай баурайында баталасқан алқалы топтың алғауымен аттанған шабандоздар алғашқы кезеңді өндірді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024
Арқан тартыста есеміз кетпейді
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында спортшылар арқан тартудан да сайысқа түседі. Еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түрлерінен сайыс 13 қыркүйекте «Қазанат» ипподромында өтеді. 12 қыркүйекте мандаттық комиссия мен төрешілер алқасының отырысы болады. Өкілдер мен жаттықтырушылар да арнайы жиынға қатысып, бәйге ережесін талқылайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 04 Қыркүйек, 2024
Көкпарда аттың да күші сыналады
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының түңлігі түрілуіне санаулы күн қалды. Ұлттық спорт аламанына әр құрлықтан келетін спортшылар апта бойы елорда төрін дүбірге бөлемек. Қалың жанкүйер көкпар додасы мен қырғыздың көкбөрі ойынын асыға күтетіні анық.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бақ сынайтын ұлттық құрама мүшелері қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Этноспорт додасында сайысқа түсетін спортшылардың дайындығын БАҚ өкілдері де бағамдап қайтты.
Спорт • 02 Қыркүйек, 2024
Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Паралимпиада додасында қоржынымызға күміс медаль түсті. Паранысана көздеуден жазғы Паралимпиада ойындарында жерлесіміз Еркін Ғаббасов R1 санатында винтовкамен 10 метр қашықтықтан сынға түсіп, 247.7 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.
Спорт • 30 Тамыз, 2024
Спорт саласына ауқымды реформа керек
Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Президент Әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, депутаттық корпустың өкілдері, сала ардагерлері, Олимпиада жүлдегерлері, білікті бапкерлер және өңірлік басқармалардың, федерациялардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.