Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1220 материал табылды

Спорт • 16 Қаңтар, 2025

Жарыс күнделігі

Еліміздің бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігін сәтті бастап, екінші кезеңге өтті. 16 жастағы Аустралия теннисшісі Эмерсон Джонсқа қарсы кортқа шығып, екі сетте айқын жеңді. Әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева да бірінші бәсекесінен сүрінбей өтіп, армениялық Элина Аванесяннан басым түсті. Елена Рыбакина екінші айналымда америкалық Ива Якшичтің шамасын байқап көрсе, Юлия Путинцева қытайлық Чжан Шуайға қарсы ойнайды.

Спорт • 14 Қаңтар, 2025

Сегіз саңлақ топ жарды

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Жыл бойы рейтингтік ұпай үлестіретін додаларда олжа салып үздік атанған, атан жілік, апайтөс 64 балуан 8 салмақ дәрежесінде белдесуге түсті.

Спорт • 11 Қаңтар, 2025

Дінмұхаммед – тұңғыш әлем чемпионы

«Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында саңлақтарымыз тағы да қуантты. Анастасия Городконың жарқын жеңісін жалғап, Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан топ жарды.

Олимпиада • 10 Қаңтар, 2025

Ақ Азияда: қарсылас белгілі

Ақпанның 7-11 аралығында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Ақ аламанда мәнерлеп сырғанаудан сынға түсетін құрама жасақталды.

Қысқы спорт • 10 Қаңтар, 2025

Анастасия Городко – әлем чемпионы

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл могул мен фристайл акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Анастасия Городко параллель-могулдан жаһан жарысының чемпионы атанды.

Спорт • 07 Қаңтар, 2025

Жарыс күнделігі

Швейцарияның Базель қаласында семсерлесуден жас­өспірімдер арасында әлем кубогі өтті. Құрамында Бог­дан Лукин, Кирилл Про­ходов, Нұржан Әбжанов, Геор­гий Тинников сынды семсер­лесу­шілер бар ұлттық құра­ма командалық сайыста фи­нал­ға дейін жеткен еді. Фи­нал­дық айқаста мысырлық қар­сыластарына есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

«Қазақстан халқына»: Елдік мүдде жолындағы игілік

«Қазақстан халқына» қоры – Үкіметтің немесе өзге де мемлекеттік органның еншісінде емес, Президент айтқандай, халықтық қор. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан балалардың ем-домына көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балалардың талабын ұштап, шыңдауға, өзге де салаға қолғабыс етіп келеді.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Жаһан кезген жалғыз жолаушы

«Жалғыз жолаушы» ютуб арнасының авторы журналист Санат Ілиясұлы биыл 15 елге табаны тиіп, қиыр жайлап шет қонған қазақтардың тұрмысын таспалаған. Шалғайда тірлік кешіп жатқан ағайындарға елдің ыстық ықыласын жеткізіп жүрген жиһанкездің әр сапарында басын қатерге тігетін сәттері де кездеседі. Сапар барысында өзге ел тұрғындарының шынайы өмірін қаз-қалпында таспалап келеді.

Спорт • 31 Желтоқсан, 2024

Қазақ спортының жарқын белесі

Былтырғы жыл ел спорты үшін несібесіз болған жоқ. Саңлақ­та­рымыз жазғы Олимпия ойындарынан олжалы оралды. Әлем чем­пионаттары мен құрлық додаларынан да еншімізге тиген бәйге аз емес.

Бокс • 31 Желтоқсан, 2024

Жігері күшті жас буын

Қарағанды қаласында бокстан ересектер арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінде тәжірибелі саңлақтарға жас буын лайықты қарсылас болды.