
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Жезқазғанда жылу желісін жаңартуда 223 миллион теңге негізсіз жұмсалған – прокуратура
Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (ТКШ) қызметін тексерді. Тексеру нәтижесінде Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Жаңа электр желілері іске қосылды
Атырау облысында Қазақстанның батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми іске қосу рәсіміне телекөпір арқылы Премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Ауыр атлетикада 43 спортшы допинг дауына шатылды – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ауыр атлетика федерациясының басшылығы және бапкерлер құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы жетістігін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
43 бас жылқыны айдап әкеткен ұрылар ұсталды
Алматы облысының полиция қызметкерлері жайылымда жүрген 43 жылқыны айдап әкеткен ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қараша, 2023
Того Президенті: Қазақстаннан астық жеткізудің мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте Гнассингбе Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ерекше ықыласты екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Көшпенділер ойынына дайындық талқыланды
Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті. Басқосуда келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
10 және одан көп бала тапқан Батыр аналар қай облыста көп шоғырланған?
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Неке және отбасы тақырыптық жинағын жария етті. Елімізде 10 және одан жоғары баланы өмірге әкелген аналардың саны қанша? Қай облыста батыр аналардың үлесі басым?
Үкімет • 28 Қараша, 2023
Қазақстан мен Қытай қатынасында тауар айналымы артып келеді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанаға жұмыс сапарымен келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Қараша, 2023
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Байланыс сапасының нашарлығын ауыл тұрғындары сезінеді – министр
Ақмоба облысы, Аршалы ауданының, Жібек жолы және Жалтыркөл ауылдарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрағалығымен ауылдағы байланыс пен интернет сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.