
Қоғам • 17 Қараша, 2023
Қазақ тілін қазақтарға да үйретемін – неміс қызы
Алина Кан – қазақ тілін үйретуші маман. Өзге ұлттың өкілі Қазақстанда туған, мектепті де орысша тауысқан. Бірақ қазақшаға судай, мақалдың майын тамызып айтқанда өзіңді сүріндіреді. Ол өзіне қазақ тілін үйретуде бағыттаушы болған бақанастық бала күнгі достарын ерекше құрметтейді. Ата-анасы да орысша сөйлейтін Алинаның тілін сындырып, қазақша сайратып жіберген сол балалар бұл күнде азамат атанды. Ал Канның қызы қазақ тілінен шәкірт баулып жүр.
Қоғам • 17 Қараша, 2023
50 миллион теңге бопсалаған топ ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалағандарды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қараша, 2023
Азия чемпионаты: Еншімізде 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар
Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды. Құрлық додасының алғашқы сайыс күні еліміздің жас балуандары толайым табысқа жетіп, 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2023
Сырт алаңдағы жеңіс: Жастар қандай қателікке ұрынды?
Футболдан еліміздің жастар құрамасы (U21) Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2023
Бокстан жазғы Спартакиада: Жеті салмақтың нәтижесі белгілі
Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан жазғы Спартакиада ойындарында 7 салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
15 үшем, 594 егіз: Түркістан облысында 20 миллионыншы тұрғын өмірге келді
Қазақстан халқының санын 20 миллионға толтырған бес сәбидің бірі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, «Асықата» ауруханасында өмір есігін ашты. Асқар Әлімхан Ерғалиұлы Қазақстанның 20 миллионыншы болып тіркелген бес сәбидің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Қараша, 2023
Сенат Төрағасы халықаралық конференцияға қатысты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Бішкек қаласында өткен Қырғызстан Жогорку Кенешінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 16 Қараша, 2023
Бауыржан Тахауов: Иран құрамасын еңсеру мүмкін болмады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ІV жазғы Азия параойындарында отырып ойнайтын волейбол спортынан ұлттық құрама күміс медаль олжалады. Мақсатты меже – Азия параойындарының алтын жүлдесі еді. Бауыржан Тахауов бастаған бапкерлер жігіттерді жани отырып, 1994 және 1998 жылдары жеткен жетістікті қайталауға барын салуға сендірген, бірақ бұйырмады. Білікті маман Жәнібек Сауранбаев баптаған жылдары отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама ойыншылары (сол кезеңде командада Бауыржан Тахауов та ойнады – ред.) чемпиондық тұғырға екі мәрте көтерілді. Міне, содан кейін арада 25 жыл өткенде жазғы Азия параойындарының финалына шығып, азуы алты қарыс, даңқы жер жарған Иран құрамасына есе жіберді. Ендігі дода – келесі жылы өтетін Париж жазғы паралимпиадасы. Бас бапкермен дидарласып, Азия параойындарында жігіттердің қандай қайрат қылғанын, не жетіспегенін сұрадық.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Қазақстанда халық саны 30 миллионға қашан жетеді?
Елімізде халық саны 14 қараша күні 20 миллионға жетті. Ұлттық статистика бюросы демографиялық деректерді ескеріп, яғни елімізде тұрақты мекен ететіндерді, көшіп кеткендер мен өмірге келген сәбилерді, қайтыс болған жандарды есепке алып халық санын шығарады.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
«Төртінші баламыз». 20 миллионыншы тұрғынның бірі Талдықорған қаласында өмірге келді
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ұлттық статистика бюросы таратқан мәлімет бойынша 14 қараша күні таңғы сағат 08:10-да өмір есігін ашқан бес сәби халық санын 20 миллионға жеткізді. Сол несібелі бес сәбидің бірі Талдықорған қаласында өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.