Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
968 материал табылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 10 Қыркүйек, 2024

Өзбекстан құрамасын айқын жеңді

Көкпардан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының топтық кезеңдегі тартысын бастаған еліміздің құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті. А тобында Өзбекстан ұлттық құрамасына қарсы ойнаған көкпаршылар 16:0 есебімен айқын ұтты.

Спорт • 07 Қыркүйек, 2024

Жарыстар күнделігі: Холандқа мүмкіндік берген жоқ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымын сәтті бастап, 1 ұпай олжалады. Ресейлік маман Станислав Черчесов баптайтын футболшылар кеше Алматының Орталық стадионында Эрлинг Холанд сынды Еуропаның таңдаулы клубтарында ойнайтын оғландарынан жасақталған Норвегия ұлттық құрамасымен тең түсті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024

Сұңқарлар сайысының жөні бөлек

Дүбірі жақыннан естілетін V Дүние­жүзілік көшпелілер ойындарының инфрақұрылымы да барлық талапқа сай жабдықталған. Дүбірлі дода өте­тін нысандарға жөндеу жұмы­сы жүргізіліп, талапқа сай жаңар­тылды. Төрткүл дүниенің әр тарабынан келетін қатысушылар үшін барлық жағдай жасалмақ. Дүние­жүзілік көшпелілер ойындарына арнайы соғылған атқора, құстарды ұстайтын орын, жануарлардың жемшөбі мен суын сақтайтын қойма, жарақаттанған жағдайда емдік шарасын көрсететін ветеринарлық клиника доданы қабылдауға дайын.

Спорт • 06 Қыркүйек, 2024

Ел мерейін асырған саңлақтар

Парижде өтіп жатқан ХVІІ жазғы Паралимпиада додасында ел қоржынына кезекті медальдар түсті: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола! Қазақстан спортының тарихында Давид Дегтярев алғаш болып Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанса, Ақмарал Науатбек пара дзюдодан алтын, Нұрдәулет Жұмағали пара жүзуден күміс жүлде олжалады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024

Қырғыздар көш бастап келеді

Елорда төрінде өтетін V Дүние­жүзілік көшпелілер ойындары аясында ұйым­дастырылған «Ұлы дала жорығы» халықаралық мара­фон-бәйгесі басталды. Адам­зат­тың жылқы түлігін алғаш қолға үйрет­кен мекені саналатын Сол­түстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Ботай баурайында ба­таласқан алқалы топтың алғауымен аттанған шабандоздар алғашқы кезеңді өндірді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 05 Қыркүйек, 2024

Арқан тартыста есеміз кетпейді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында спортшылар арқан тар­тудан да сайысқа түседі. Еліміздің ерлер және әйелдер құ­ра­масы қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 27 Тамыз, 2024

«Алтын жебе» нысанаға дөп тиеді

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. 21 спорт түрінен өтетін сайысқа қа­тысатын спортшыларымыз оқу-жаттығу жиынын күшейтіп, әзірлікті нығайтып жатыр. Ұлттық құрамаға қа­былданған саңлақтар елімізде алғаш рет ұйымдастырылып, жалауы желбірейтін айтулы аламанда бақ сынайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 26 Тамыз, 2024

Әлем чемпионының арманы

Аударыспақтан ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынын енді Астана қаласында жалғастырады. Бұған дейін Алматы облысында жаттығу жүргізіп, 6 тамыздан бастап додаға дайындықты күшейтті.

Өнер • 26 Тамыз, 2024

Мерген мұралы

Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа мұрал салынды. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі жақындап қалғанын әйгілейтін мұралда жамбы атушы мерген бейнеленген.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024

Асықшылар тәжірибе алмасты

8-13 қыркүйек күндері өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатысатын командалар сайыс түрлерінен әзірлікті пысықтап жатыр. Этноспорт ойындарының бағдарламасына асық ату спорты да еніп, ұлттық ойынымыздан өтетін додаға 15 мемлекеттен команда келмек.