Taza.kz
Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
325 материал табылды

Үкімет • 11 Наурыз, 2026

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Елдегі құрылыс саласының жайы, тұрғын үй құрылысының қарқыны мен цифрландыру мәселелері Үкіметтің кезекті отырысында қаралды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында құрылыс сапасын көтеру, саланы жаңа цифрлық жүйелер арқылы реттеу әрі жаңа Құрылыс кодексі аясындағы өзгерістер сөз болды. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысын жүйелі дамыту мен құрылыс жұмыстарын бақылауды күшейту бағытындағы міндеттер айқындалды.

Бизнес • 07 Наурыз, 2026

Бизнестегі бибілер

Бүгінгі кәсіпкер әйелдер табыс тауып қана қоймай, жаңа мәдени орта қалыптастырып, ұлттық болмысты заманауи нарыққа бейімдеп жүр. Бірі ұлттық дәстүрді ұлықтап, қаржы көзін тапса, енді бірі бос кеңістіктен іскерлік алаң құрды, үшіншісі әсемдік әлемінде төл рухты тірілтеді. Оларды біріктіретін ортақ қасиет – табандылық, жаңашылдық, өз ісіне деген сенімділік.

Теңге • 06 Наурыз, 2026

Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа

Елімізде цифрлық теңге кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қоғам­да оған қатысты пікір сан алуан. Бірі оны отандық биткоин деп қабылдаса, енді бірі қолма-қол ақшаның орнын басады деп ойлайды. Алайда бұл екі түсінік те шындыққа жанаспайды. Цифрлық теңге – ұлттық валютаның нарыққа бейімделген жаңа нұсқасы.

Таным • 06 Наурыз, 2026

Ипотеканы қалай тиімді төлеуге болады?

Қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесовтің жауабы:

Қаржы • 06 Наурыз, 2026

Жалған код «жарға жықпасын...»

QR-код арқылы төлем жасау бүгінде қалыпты үдеріске айналды. Жанармай, автотұрақ, түрлі қызмет ақысы – бәрін бір рет сканерлеу арқылы төлейміз. Қызмет көрсету саласында QR-код терминал мен қағаз мәзірдің орнын басты. Алайда Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНДРА) Әлеуметтік жобалар және қаржылық инклюзияны дамыту басқармасының бас маманы Гүлбақыт Исаеваның айтуынша, елге ыңғайлы осы қызметті алаяқтар өз пайдасына икемдеп жатыр.

Экономика • 04 Наурыз, 2026

Табыс неге азайды?

Былтырғы желтоқсанда банктердегі қаражат көлемі рекорд жаңартқан еді. Ал қаңтарда көрсеткіштің төмендегені туралы дерек шықты. Биылғы қаңтар айының соңында елдегі жалпы депозит көлемі 46,2 трлн теңге болды. Бір ай ішінде 1,8 трлн теңгеге азайған. Алайда өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім 14,3% болып отыр. Яғни ұзақмерзімдік тренд әлі де оң бағытта, дейді сарапшылар.

Қоғам • 04 Наурыз, 2026

Риелторлар нарығына реформа керек

PANA ұлттық риелторлар палатасы ұсынған зерттеу еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығын түбегейлі өзгерту керегін көрсетті. 2025 жылдың қорытындысы да бұл мәселені анық байқатты. Тек желтоқсан айының өзінде ел ішінде 53 мың алып-сату мәмілесі тіркелсе, бір жыл ішінде оның саны 448 мыңнан асып кеткен. Инфляция мен тұрғын үй бағасы қымбаттағанына қарамастан, бұл көрсеткіш кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгейдің бірі болып отыр.

Салық • 28 Ақпан, 2026

Салық кодексі: Алғашқы айдағы кіріс қандай?

Елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енгелі екі ай уақыт өтті. Үкіметтің болжамынша, реформаның нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түсуге тиіс. Көлеңкелі экономикадан да шамамен 3–4 трлн салық алуға болады. Бұл межеге шынымен жете аламыз ба? Алғашқы айлардағы түсімдер қандай болды, қазынаға қанша қаржы құйылды?

Қоғам • 25 Ақпан, 2026

Қаржы алаяқтарына – тосқауыл

Кейінгі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп, жеке шот арқылы жүретін күмәнді ақша айналымы артты. Осыған байланысты қаржы реттеушілері бақылауды күшейтіп, жаңа талаптар енгізді.

Саясат • 20 Ақпан, 2026

Дамуға бастар жол

Астанадағы Экономика үйінде «Қазақстанның эконо­микалық саясатының жаңа басымдықтары» тақы­рыбында дөңгелек үстел өтті. Онда конституциялық реформаның экономикалық маңызы талқыланды. Жиынға жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысып, өзгерістерді іске асыру тетіктері мен ел экономикасына ықпалы туралы пікір алмасты.

Яндекс.Метрика