
Ауыл • 19 Қаңтар, 2024
Аласапыран жылдары шекара шебіндегі ел үдере көшкенде ішкі жақтағы ауылдардың да шеті сетіней бастаған. Қайта картадан өшіп кетпей, негізін сақтай алды. Ақсу, Барлық, Коробиха секілді ауылдар күре жолдан жырақтау, тау қуысындағы бытыса біткен тайганың жықпыл-жықпылында жатқанымен, қопарыла көшпеген. Әйтпегенде, Алтайдың бір пұшпағы жетімнің күйін кешер ме еді? Біз осылай көр қуыстағы көрікті мекен – Коробиха ауылына жол тартып бара жатпас па едік...
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Неше күн толассыз жауған қардың салдарынан Марқакөл ауданындағы бірқатар ауыл тұрғындары қар құрсауында қалды. Қарой, Қарашілік, Төсқайың, Бұғымүйіз, Шанағаты ауылдарына көліктің күре жолын қойып, аяқ жолын ашу мұң болған. Табиғаттың тосын мінезі тіршілікке тұсау болып, Күршім ауданы әкімдігі төтенше жағдай жариялады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Классицизм стилінде бой көтерген сүйекті ғимараттар баз баяғы қалпында болғанымен, Өскеменнің жалпы кескін-келбеті сонау 50-жылдармен салыстырғанда көп өзгерген. Оны Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өтіп жатқан «Өзгерген Өскемен» атты AR фотокөрмеден тамашалауға болады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Марқакөлге азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді
Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Былтыр қыс ортасы Риддердегі жылу-электр қазандығы қайта-қайта істен шығып, тұрғындардан маза қашқан. Ғимараттардың суып кетуіне байланысты мектептер мен балабақша жұмысы онлайн режімге көшіріліп, қалада төтенше жағдай жарияланғанын да білеміз. Әйтеуір, ала жаздай жүргізілген жөндеу жұмысы нәтижелі болған секілді.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Шығыста бірнеше ауыл қар құрсауында қалды
Толассыз жауған қардың салдарынан Марқакөл ауданындағы бірқатар ауыл тұрғындары аттап баса алмай қалған.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2024
Қаңтар туа Шығыста қыс қаһарына мінді. Қар басты, борандатты, артынша кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Салдарынан болса керек, жол көлік оқиғалары орын алды. Адам шығыны да жоқ емес. Сондықтан да, төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
Қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігімен танысты
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығымен және техникалық жабдықталуымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Жиырма жеті жылдан кейін аудан орталығы қара шаңырағына, Катонқарағайға қайтып, тұрғындар алақайлап той жасады. Қуанышқа ортақтасып, ақ боран, көктайғақта алыс-жақыннан шекара шебіндегі ауданға қонақтар келді. Орталық алаңға жиналған жұрт арқа-жарқа, мәре-сәре.
Мектеп • 04 Қаңтар, 2024
Мұндай мектеп ауылды қойып, қалалық жерде жоқ шығар. Іші кірсе шыққысыз. Оқушының білім алып, мұғалімнің сабақ беруі үшін заманауи мүмкіндіктің барлығы қарастырылған. Мақалаға арқау етейік деп отырғанымыз – Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі. Жалпы жаңа ауданның білім саласында серпіліс бар.