Мирас • 15 Қазан, 2025
Бозанбайдағы бекзат өнер байқауы
Жылдағыдай нөпір халық Бозанбайға қарай ағылды. Олар қыран құстың қалықтағанын, асауды құлақтағанын, тазының жүгіргенін қызықтасақ деп асықты. Айта кетейік, Шығыста биыл бұл байқау бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Әуелде облыстық деңгейде басталған іс-шара бүгінде халықаралық деңгейге шыққан.
Театр • 04 Қазан, 2025
Театр маусымы «Mamma mia!»-мен ашылды
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры жаңа маусымды әйгілі «Mamma mia!» қойылымымен бастады. Көпшілікке белгілі спектакльге көзіқарақты көрерменмен бірге облыс басшылығы да келді. Айта кетейік, аз ғана уақыт ішінде оперетта театрының жұмысы жандана түскен.
Еңбек • 04 Қазан, 2025
Нәпақа табуға ниет болса, кәсіптің көзі көп екен. Нұргүл үйінің аядай ғана бөлмесіне микрожасыл өскін өсіріп, кәсіп қылып отыр. Жайқалған жасыл желегін апта сайын мейрамханаларға өткізіп, пайда табады. Ал тағамға қолданатын бұл өсімдіктердің ағзаға пайдасы әдеттегі көкөністерге қарағанда он есе көп.
Өндіріс • 03 Қазан, 2025
Сапалы қарақұмыққа сұраныс жоғары
Жасылы деп отырғанымыз, қоңырқай қауызы аршылған қарақұмықтың тап-таза түрі. Өскеменде өндірілетін бұл өнім көбіне шетелге шығарылады. Статистика бойынша Шығыс Қазақстан қарақұмық өсіруден республикада 4-орында тұр. Былтыр өңірде 7 мың гектардан астам жерге қарақұмық егілсе, биыл егіс көлемі тарылған. Алайда өнім мөлшері кеміген жоқ.
Мәселе • 30 Қыркүйек, 2025
Мына заманда Өскеменнен Алматыға дейін 27 сағат тар купеде солқ-солқ етіп жету оңай емес. Жаздың ыстығы, қыстың аязында тіптен маза кетеді. Алтай мен Алатаудың арасындағы шойын жол жолаушыларының осы проблемасын Президент Жолдауда дөп басып айтты.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Зайсанның көкжиегін көмкерген Шілікті жазығы – ежелден қасиетті мекен. Бүгінде сол кең жазирада тарихтың тамырына терең бойлайтын тағылымды іс-шара өтті. Сақ патшасына арналған еңселі белгітас бой көтеріп, елдің мерейі өсті.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Кейінгі жылдары ауылдарда аттың орнына мотоцикл тізгіндейтін болды. Қойға да, ойға да қолайлы. Бағасы қолжетімді. Бүйірінен бір теуіп, міне салатын көлікті халық әуелде ауызекі тілде «мотцик» деп атаса, кейіннен «мотақан» деп еркелетіп алды. Бертін қала көшелерінде мотоциклдің жеңіл түрі – электрскутер тізгіндеген жасөспірімдер көбейді. Жоғары жылдамдықты «мотақан» мінген «ботақандардың» қауіпсіздігіне кім жауап берер екен деген алаңдаушылық басым. Президент те Жолдауында осы мәселеге баса назар аудару керектігін айтты.
«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025
113 мың түп Сібір шыршасы егілді
Шығыс Қазақстан облысында ауқымды экологиялық акция өтті. Негізгі іс-шара Өскеменнің Шмелов Лог ауылы маңында ұйымдастырылды.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2025
Табиғатпен біте қайнасқан отбасы
Табиғатты аялау – ұрпаққа аманат. Осы ұлы ұстанымды өмірлік мұрат еткен Жақыповтар әулеті бүгінде Марқакөлдің маңын мекендеген жұртқа еңбегімен де, бірлігімен де үлгі болып отыр. Үлгілі отбасы күні кеше облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Салт-дәстүрді насихаттайтын орталық
Бұл күні Өскемендегі өнер музейінде әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізден көріністер қойылып, руханиятқа толы үлкен іс-шара болды. Сонау Шымкент қаласынан келген «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» ұжымы қала төрінде салтымыздың сан түрін сахналады.