
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025
Жонында барыс жортқан Аршаты ауылы – Алтайдың қиыр қуысында. Одан әрі ауыл жоқ. Арайлап атқан күннің шапағы да әуелі осынау елді мекенге түседі. Демек ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан қазақтың жері Аршатыдан басталады. Түнеугүні таутекенің тұяқ тықыры құлақ түбінен естілетін жұмақ мекенге жолымыз аяқ асты түсті. Әйтпесе, қақаған қыста неміз бар? Тау-тасты, әсіресе жаздың жайма шуағында аралауға ынтықпыз ғой. Сарша тамызға дейін топырлап жататын туристер де мынау аязда Алтайға аяқ баспайды. Табиғаттың қыс іші ақ күмістеніп құлпырып тұратынын білсе, көк тайғақ, ақ боранға қарамас та еді.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025
«Шықпа, жаным, шықпа» деп отырған ауылдағы ағайынның тіршілік көзі – мал. Оны бағады, қағады, ала жаздай шөбін шабады. Қып-қызыл әуре болғанымен, бала-шағасын асыраудың бірден-бір жолы – осы төрт түлік. Төрт түлікке төрт аяқтының ауыз салғаны былай тұрсын, кейінгі жылдары баукеспелер белең алды. Жуықта Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылының тұрғындары айдың-күннің аманында малынан айырылып қалып жатқандарын айтты, шағымданды.
Жануарлар • 23 Қаңтар, 2025
Қарт Алтайдың қойын-қонышы толы жұмбақ. Қайбір жылдары Сарымсақты жотасында баспалап бара жатқан барыс фототұзаққа ілініп, көпті таңғалдырса, бұл жолы Топқайың ауылы тұсындағы Бүркіт шыңының сілемінде суретке түскен.
Медицина • 21 Қаңтар, 2025
Жас дәрігерлерге – лайықты жағдай
Шекара шебіндегі шалғай аудандардың халқын тұрақтандырамыз десек, ең әуелі медицина саласы сапалы болуға тиіс. Неге десеңіз, көпшілік ем іздеп қала жағалайды. Үй-жайы ыңғайланса, көшіп кетіседі. Ал ем-дом алу қолжетімді болса, көпшілік жылы орнынан қозғала қоймайды. Осы орайда өткен жылы аудан мәртебесін қайта алған Катонқарағай ауданының медицина саласы үлгі етуге тұрарлық.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
Жер бетінде заңды қалай күшейтсе де, тентекті тезге салып, қылмыс жолын біржола қиып тастау мүлдем мүмкін емес. Тек, қылмыстың алдын алу бар дағы, қылмысты ашу бар. Жуықта осы бағытта нәтижелі еңбек етіп келе жатқан ШҚО полиция департаментіне қарасты жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Берқан Есқожанов «Жыл үздігі-2024» марапатына және І дәрежелі Құрмет дипломына ие болды.
Білім • 16 Қаңтар, 2025
Дарынды оқушыларға заманауи мектеп керек
Баяғы жартас, сол жартас. Өскеменнің қуыс көшесіндегі Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мәселесі сол күйі, бүгін-ертең шешіле қоймайтын секілді. Тозығы жеткен интернаттың оқушылары баяғыдай бөтелкеге су жылытып жуынады, қолайсыз асханада тамақтанады, тағысын тағы. Бұған қатысты пікір білдірген білім басқармасы өкілдері мәселе осы жылы шешіледі дескен.
Жәдігер • 16 Қаңтар, 2025
Экватор бойындағы мұхит түбінде ғана кездесетін каури моншақтары Берел мен Шіліктідегі қазба жұмыстары кезінде табылғаны көпті таңғалдырған. Мыңдаған шақырым қашықтықтағы мұхитта мекен ететін ұлудың бұл қабыршақтары қайдан келді деген сауал ғалымдар үшін тың сұрақ болған.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2024
Жетістік те бар, күрмеулі мәселе де жоқ емес
Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірде атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Экология • 30 Қараша, 2024
Өндірісті қала Өскеменнің экологиялық жағдайы өзекті мәселеге айналғалы қашан? Қаладағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегид секілді зиянды қалдықтар жиі мөлшерден асып кетеді. Сол кезде тамағы ауырып, ауруханаға жүгінетіндер саны көбейеді. Қала ауасы зиянды қалдықтарға толған кезде айналаны тұман басып, көзге ештеңе көрінбей де қалады. Мұндай сәттің жиі болатынын тұрғындар жақсы біледі. Ондай кезде есік-терезесін қымтап жауып, далаға көп шықпауға тырысады. Ал кейінгі күндері ауаның ластануы тіпті қатты сезіліп, тамағы ауырғандардың ауруханаға баруы жиілеп кеткен.
Туризм • 12 Қараша, 2024
Шығыспен шекаралас жатқан Қытай Халық Республикасына визасыз режім енгізілгелі алыс-беріс артып, барыс-келіс жиілеген. Сауда-саттықпен айналысып жүрген қандастар, туристік операторлар ынтымақтастық байланыста бірқатар жұмыс жүргізіп те жатыр. Жақында Шыңжаң- Ұйғыр автономиясынан туроператорлар мен ресми өкілдерден құралған делегация келіп, Шығыс Қазақстан өңірінде саяхат саласын дамытуды талқылады.