Жәдігер • Бүгін, 07:33

Ақжайлаудың алтыны

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан үш жыл бұрын Марқакөл ауданына қарасты Ақжайлау ауылы маңында «Сақ элитасының қорымын зерттеу» тақырыбында профессор, археолог Зейнолла Самашұлының жетекшілігімен қазба жұмысы басталған.

Ақжайлаудың алтыны

Алдын ала барлау жұ­мысында ауылдың оңтүс­ті­гінде 100-ден астам әртүрлі көлемдегі қорған тіркелген. Барлығына емес, археологтер ең ірі қорғанға зерттеу жүргізді. Нә­тижесінде, аса құнды археологиялық жәдігерлер та­былған. Атап айтсақ, қор­ғанның кіреберісінен алтын және қола бұйымдар көзге түскен. Анықталғандай, бұл бұйымдар жылқы әб­зелінің әшекейлері болып шыққан. Олардың қа­тарында жарты ай пішінді және үшбұрышты жапсырмалар, жыртқыш құстың басы бейнесіндегі әшекейлер, ою-өрнекті қап­тамалар, қоңырау тәрізді салпыншақтар бар. Сонымен қатар қола ауыз­дықтар, үлбіреген алтынмен қап­талған темір ауыздықтар, айыл бөліктері және арқар бейнесіндегі алтын жапсырма табылды. Әсіресе арқар мүсінді жапсырма ерекше көзге түседі. Бұйымдардың орналасуына қарай жылқы әбзелдері арнайы рәсіммен қойылғаны байқалған.

Өкініштісі, жерлеу орны бұ­рын тоналғандықтан, адам сүйектері сақталмаған. Дегенмен табылған заттық материалдарды зерттей келе, аналогиялық дерекке сүйен­се, қорған ерте сақ кезе­ңіне жатады екен.

Айта кетсек, Ақжайлаудың алтындары Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырылды.

 

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар