Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1229 материал табылды

Өнер • 11 Қыркүйек, 2022

Алтай суреттері

Өскемендегі Өнер музейінде қос бірдей сурет көрмесі өтіп жатыр. Бірі белгілі суретші Құдаш Нұрсадықовтың 60 жыл­дық мерейтойына орай ұйымдастырылса, екін­шісі «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің «Алтай ажары» атты көрмесі. 

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Жер иесіз болмас

Қазақта үлкен дау-жанжалдың бірі – жер дауы. Ырыздығын жерден еміп отырған ел бір сүйем жер үшін көршісімен керілдесуге бар. Шыны солай. Бір қызығы, гектар-гектар жерді иемденіп алып, не өзі, не өзге кәдеге жаратпай жатады. Мұны ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керектігін айтқан. Айта сала Шығыс Қазақстанда жұмыс жүйелі түрде жолға қойылып, арнайы комиссия құрылған. Жақында Amanat партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті.

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Шабындықта шөп селдір

«Малым – жанымның садағасы...» деп отырған ауылдың елі жаздың күні суға түсіп, жағалауда жайбарақат демала қоймайды. Ішінара болмаса. Тамыз туа шөп піссе, техникаларын сайлап алып, қысқы мал азығын әзірлеуге кірісер еді. Биылғы көктемде жауын-шашын аз түсті ме, Шығыс өңірінде шөп сұйық. Әркім бұта-қараған арасын, сай-саланы қол тартпамен қырнап шауып жүр.

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Шығыста өрт өршіп тұр

Шығыс Қазақстан облысында алапат жалынның беті әлі қайта қойған жоқ. Өскеменнің іргесіндегі тілсіз жауды бірден ауыздықтағанмен, Марқакөл, Катонқарағай, Алтай өңірлеріндегі өрт бой бермей тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Игі іс жалғаса бермек

Қазақтың береке-бірлігі осындайда көрініс табады. Күні кеше Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға Шығыс Қазақстан халқы 35 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Өртке оранды айнала

Жан-жақтан өрт шыққанда, жаңбыр құйып өтсе деп тіледі жұрт. Күн бұрын Зайсанның даласы лап етсе, ертесі Алтай ауданының аумағы көк түтінге оранды. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясынан да өрт шықты. Әйтеуір, бәлендей шығын жоқ.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Марқакөлден өрт шықты

Шығыс Қазақстанда бірнеше күннен бері өрт қауіптілігі жоғары. Өрт сөндірушілер бір тәуліктің өзінде ғана дала өртін сөндіруге 10-15 рет шығады. Бүгін Марқакөл өңірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 29 Тамыз, 2022

Шығыс Қазақстанда көне жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» сақ  дәуірінен сыр шертетін «Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 18 Тамыз, 2022

Бұғыбұлау

Жыл он екі ай бағып-қаққан бұғы мүйізін кесу науқаны екі-екі жарым айға ғана созылады. Өз уақытында кесіп алмаса, былқылдап тұрған мүйіз өскен сайын қатая береді. Қатайған мүйіздің емдік қасиеті азая бермек. Сондықтан да бұғы баққан шаруалар мүйізін уақтылы кесіп алуға тырысады.

Таным • 14 Тамыз, 2022

Күн гүлі

Тамылжыған тамызда Өскеменнен қай бағытқа шыға қалсаңыз да, жолды жағалай қаулаған күнбағысқа қарап таңғалар едіңіз. Бірақ мұндай сұлулықтың маусымы тым қысқа. Күнбағыс бір, бір жарым апта ғана гүл атып, құлпырып тұрады. Сондықтан да шығар, дәл осы уақытта фотографтар, мобилографтар күнбағыс алқабын арнайы шығып таспаға тартады.