
Аймақтар • 05 Шілде, 2022
ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД жедел бөлімшесінің қызметкерлері Алтай ауданының жергілікті тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді құқық қорғау органдарының тиісті рұқсатынсыз сақтағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2022
Салғырттық сан соқтырмаса екен
Өскеменде үп еткен желге бола көпқабатты жаңа үйлердің қабырғасы қақырап кете беретін. Оған етіміз әбден үйреніпті. Қалыпты жағдай секілді. Өткендегі дауылда да Әл-Фараби даңғылы бойындағы 36-үйдің сыртқы қаңылтыр қаптамасы жыртылған. Оған бола ешкім елең етпеді. Ал ЖМК шағын ауданындағы темір аялдаманың баланы басып қалғаны көптің наразылығын туғызды.
Аймақтар • 04 Шілде, 2022
Осындай тақырыпта Алтайдың баурайында халықаралық ақындар айтысы өтті. Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген танымал айтыскерлер жыр додасында бақ сынасып, Катонқарағайдың көркемдігін сүбелі сөзбен жырлады.
Тағайындау • 29 Маусым, 2022
ШҚО-ның Самар ауданына әкім тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Раджан Сейтқанов жаңадан құрылған Самар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2022
Иә, дәл солай. Боран, Қалжыр ауылы тұрғындарына маса маза берер емес. Қан сорғыштар ауыл төңірегінде қара бұлттай буып тұрады. Шыдас бермеген ел көшіп те жатыр. Соңғы екі жылда маса тіптен көбейген, ызыңы құлақ тұндырады. Балалар далаға шығудан қалды деседі тұрғындар. Ал «Зайсан аудандық дезинфекциялау станциясы» ЖШС мамандары улау жұмыстарын жүргізіп-ақ жатыр. Нәтиже шамалы.
Аймақтар • 23 Маусым, 2022
Катонқарағай ауданында екі альпинист қайтыс болды
23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт альпинист қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2022
Көпбалалы аналар баспанамен қамтылып жатыр
«Бірқабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында биыл Зайсан қаласында 2 пәтерлі 35 үйдің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Аталған бағдарлама аясында 2020 жылы Сауыр шағын ауданында 18 қос пәтерлі 36 тұрғын үй көпбалалы отбасыларға берілген. 2021 жылы Сауыр шағын ауданында 62 көпбалалы отбасы тағы да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен 31 қос пәтерлі 62 тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Бокс • 22 Маусым, 2022
Бұқтырманың жағасында жас жеткіншектер жарысы өтті
Жуықта былғары қолғап киген жас спортшылар Алтай ауданында өткен жекпе-жекте жұдырықтасты. Балалар жылына орай өткен облыстық турнирге аудандар мен қалалардан жүзден астам спортшы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2022
Қарабастан аумайды арқар енді...
Жазға салым Қарабас тауындағы арқар біткен Тарбағатайдың биігіне қарай ойысатын. Шекара шебіндегі шоқыда ақсақ-тоқсағы ғана қалар еді. Кейін «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі құрылып, арқардың дені Қарабастан аумайтын болды. Қорғауда екенін жарықтық жануар да сезеді ғой. Көктемде ғана инспекторлар Қарабастан елу шақты арқар санаған.
Медицина • 16 Маусым, 2022
Қиын кеселге – күрделі операция
Инновациялық технологиялардың дамуына қарай медицина саласы да заманға сай бейімделіп келеді. Осыдан бес-он жыл бұрын шетелде немесе Алматы, Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларда жасалатын күрделі операциялар Шығыс Қазақстан облысында да жасалып жатыр. Жалпы өңірде денсаулық сақтау саласында ілкімді істер бар. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуден бірқатар шеберлік сағаты өтті.