Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1058 материал табылды

Аймақтар • 17 Қараша, 2024

Өскеменде бірқатар аудан жылусыз қалды

16 қарашада Өскемен қаласының Драма театр, КШТ, «Ертіс сити» аумақтарында жылу магистралінде диаметрі 630 мм ақау салдарынан жылу беру уақытша тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Қараша, 2024

ШҚО азаматы 240 келі тірі шаянды заңсыз тасымалдаған

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Өскемен – Самар тасжолында автокөлікті тоқтатып, салонынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған көл шаяндары салынған 16 қапты тапқан.

Аймақтар • 14 Қараша, 2024

Қарашадағы қалың қар...

Аймақта ақ түтек боран соғып, бірқатар аудандарға жол жабылды. Батыс Алтайдың қойнауындағы Риддер қаласына бір айлық мөлшердегі қар бір күнде түсіп, тұрғындарды әбігерге салды.

Оқиға • 12 Қараша, 2024

Ақ көйлек, аппақ үміт

Аппақ көйлегінің етегі жер сызып, сыртқа шықты. Бота көзін аударып-төңкеріп, подъездің алдындағы баспалдақтан түсе бергенде, кеудесіне жасанды гүл шоғын таққан жігіт қолын созды. Ертеңгі күйеуі болса керек. Қасы-көзі қиылған қара торы қыз бұлтты күні жарқ еткен күндей аула­да топтасқан жастардың арасын қыран-топан күлкіге бөлеп, бір-ақ сәтте көңілдендіріп жіберді. Шампан атылып, бір реттік ақ стакандарға құйылды. Қара костюмді күйеу жігіт қобалжулы секілді. Көңі­лінде алаң бар.

Ауыл • 07 Қараша, 2024

Шекара шебіндегі Ахметбұлақ

Шілікті қазаншұңқырынан оңға бұрылғанбыз. Тура тартсақ, алтын адам табылған әйгілі Шілікті қорғаны еді. Біздің бағыт – Ахметбұлақ. Шалғайдағы шағын ауыл. Шекара шебінде жатыр. Жолай Маңырақ, Жаңалық ауылдарына соғып, жүріп жатқан құрылыс нысандарын көре кеткенбіз. Тарбағатайдың қай аулына бұрылмасақ та, тіршілік құж-құж қайнаған. Жеке аудан болғалы бірқатар істің басы қайырылыпты.

Спорт • 06 Қараша, 2024

Ажар – Әлем кубогінің жеңімпазы

Шымкент қаласында әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан «Dala mergeni» әлем кубогі өтіп, Шығыстың сұрмергені Ажар Рахметқызы бірінші орынды қанжығаға байлады.

Аймақтар • 29 Қазан, 2024

Алтай аңыздары кітапқа жинақталды

25-қазанда А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті.

Аймақтар • 21 Қазан, 2024

Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәдігер • 16 Қазан, 2024

Сүйек тарақ

Өркениеттің біздің заманымызға дейінгі II-V ғасырларда-ақ дамығанын сан рет жаздық. Басқасын айтпағанда, сақ заманында сән үшін таққан микро моншақтардың өзі қандай? Сақ әйелдерінің сәнге көңіл бөлгеніне Берел жазығындағы 81-қорғаннан табылған сүйек тарақ та дәлел.

Жануарлар • 12 Қазан, 2024

Алтайда жортқан ілбіс

Бұған дейін Алтайдың биігін барыс мекендемейді, тек көшіп қана жүреді деген пікірлер жиі айтылар еді. Кеше ғана екі күшігін ерткен ілбістің бейнесі сыңаржақ пікірді жоққа шығарғандай болды. Аршатының өр жағындағы тауда үш барыс бірдей бірінші рет фототұзаққа ілінген.