Экология • 07 Маусым, 2025

Қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы меморандумға қол қойылды

90 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған кезде және экологиялық төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Қоршаған ортаны сақтау мақсатындағы меморандумға қол қойылды

Аталған құжатқа «Казцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «УМЗ» АҚ, «Востокмашзавод», Өскемен май зауыты, сондай-ақ барлық жылу энергетика нысан басшылары қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсімінің 5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнімен және экологтар кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі – ерекше мәнге ие. Бұл күні табиғатты сақтау жолында еңбек етіп жүрген, экологиялық ағарту, бақылау және тұрақты шешімдерді енгізумен айналысатын барша жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – болашақ ұрпақ пен бүкіл планетамыз үшін жасалып жатқан баға жетпес үлес.

– Өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларына ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екені үшін ризашылығымды білдіремін. Тек серіктестік, өзара сенім және тұрақты даму арқылы ғана өңіріміздің экологиялық әл-ауқатын сақтай аламыз. Қатысушыларды осы құжатпен шектеліп қалмай, бұл бағытта жүйелі жұмысты жалғастырып, ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге, экологиялық жауапкершілік пен өндірістік мәдениетті арттыруға шақырамын, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Меморандум ҚМЖ туындаған жағдайда, сондай-ақ экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде барлық тараптардың үйлестірілген іс-қимылдарын көздейді. Бұл – шығарындыларды жедел түрде азайту, ақпарат алмасудың ашықтығы, мониторингке қатысу және ең бастысы – қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары.

Аталған құжат өнеркәсіп секторының трансформациясы мен тұрақты дамуы саласындағы күш-жігерді үйлестірудің негізіне айналмақ.

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025