Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1228 материал табылды

Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2021

Қыран самғап, күй төгілді Бозанбайда...

Жер бауырлай ағындаған бүркіт сұр қоянды тегеурінімен іле қонды. Қыр басындағы төбеден қалбалақтап, аңшы жеткенше, жембасарымен басып отырған олжаны жұлмалап жіберген. 

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Әдеби зал ашылды

Санаға қандай да сұрақ сақ ете қалса, интернет иіріміне гүмп берер едік. Жақсы-ақ дүние, іздегенімізді бүге-шігесіне дейін алдымызға жаяды. Алайда кітаптағы құнды дүние интернетте жоқ. Демек, «артық білім кітапта» дей-тұғын мақал өзектілігін жоймақ емес. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде мыңдаған кітап жиналған жаңа көркем әдебиет залы ашылды.

Тәуелсіздік • 11 Желтоқсан, 2021

Өскеменде еңселі монумент ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде еңселі монумент ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

Семейдегі серпіліс

Бұл сәтті әсіресе шығысқазақстандықтар ұзақ күтті. Олай деп отырғаным, еліміздің тарихи-мәдени орталығы – Семей шаһарындағы идео­ло­гиялық тұрғыда әбден ескірген 56 кө­ше­нің атауы ауыстырылады. Ең бастысы, қаланы ұзыннан-ұзақ қақ жарып жатқан Н.Морозов көшесі Әлихан Бөкейханның атымен аталатын болды. Еске сала кетсек, бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде «Қарт қалаға қазақы қан жүгірсе...» деген тақы­рыппен жыл басында көтерілген болатын.

Өнер • 07 Желтоқсан, 2021

Талантты жастар танылды

Шығыста Өнер музейінің ұйымдастыруымен өтіп жат­қан «Дала дидары» жобасында ауыл аясында ғана жүрген өнерлі жастар көрініп, орталыққа танылып жатыр. Жобаның мақсаты да сол еді.

Тарих • 06 Желтоқсан, 2021

Атамды ақтағым келеді

Отызыншы жылдары «Халық жауы» деп айыпталғандардың көбі керісінше, халықтың бостандығы үшін құрбан болғаны мәлім болды. Қалай дегенмен, тағдырға түскен таңбаны өшіру оңайға соқпас. Жуықта редакциямызға «атамды ақтағым келеді» деп Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылының тұрғыны Альмира Құрманбекқызы хабарласқан.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021

Елдік жолындағы Елбасының еңбегі ерен

Өскемендегі ОВ-156/1 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы кітапхана өкілдерімен бірлесіп, Тұңғыш Президент күніне орай сотталғандармен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 03 Желтоқсан, 2021

Тұңғыш Президент күніне арналған концерт

Облыс орталығы Өскеменде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы жолы» атты мерекелік концерт өтті. Иә, тәуелсіздік жолында Елбасының жолы ерек, еңбегі ерен.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2021

Алтай үздіктері анықталды

Алтай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жыл сайынғы жастар форумы өтті. Форумда аудан жастарының арасынан шыққан үздіктері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Қоқыс өңдеу зауытының құрылысы қарқынды

Күнделікті тұрмыста пайдаланатын полиэтилен пакет, пластмасс бөтелкелердің табиғатқа төндіріп тұрған зиянын білеміз. Біле тұра шашамыз. Қоқыс контейнерлеріне түскен полиэтилен қалдықтар да полигонда жайрап жатады. Ұйытқыған желмен қала аспанында қалықтап жүретінін де көзіміз шалған. Бұдан былай бұл көріністен біржола арылатын шығармыз. Олай дейтініміз, Өскеменде қоқыс сұрыптайтын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Зауыт іске қосылғаннан кейін тұрмыстық қалдықтардың 30 пайызы қайта өңдеуге жөнелтіліп отырады.