Экология • 02 Қаңтар, 2026
«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті
Елордада абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу мәселелері бойынша өтінім жолдауына арналған «Таза Қазақстан» онлайн-платформасының жұмысы нәтижелі түрде жалғасып келеді. Қала тұрғындары арасында бұл қызметке сұраныс жоғары, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Тегеран Трамптың қоқан-лоққысына жауап берді
Иранда жалғасып жатқан экономикалық наразылықтар аясында елдің ресми өкілдері АҚШ-қа қатаң ескерту жасап, кез келген сыртқы араласу ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде бағаланатынын мәлімдеді,деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда ескі жеңіл көліктердің салығы төмендеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты жеңіл автокөліктерге салынатын салық тәртібі өзгерді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Гамбия жағалауында 200 мигрант мінген кеме аударылды
Гамбия жағалауында шамамен 200 мигрант мінген кеме аударылып, кемінде жеті адам қаза тапты, ондаған адам із-түзсіз жоғалған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2026
Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы хабар-ошарсыз кетті
2025 жылдың күзінен бері Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан бір отбасының қайда екені белгісіз. Полиция Мақсот Қарабалинді, оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваны және балалары Мирамгүл мен Наурызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қаңтар, 2026
2 млн гектар пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды
Президенттің пайдаланылмай жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жөніндегі тапсырмасы аясында 2025 жылы мемлекет меншігіне 2,1 млн гектар жер қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Қаңтар, 2026
Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты
Иранда жалғасып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кемінде үш адам қаза тапты. Бұл туралы ирандық жартылай ресми Fars ақпарат агенттігі мен Hengaw құқық қорғау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Астанада жаңа жыл түні лифт ішінде 11 адам қалып қойды
Жаңа жыл түні Астанада көпқабатты тұрғын үйдің лифтінде 11 адам, оның ішінде бес бала қалып қойған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 01 Қаңтар, 2026
Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесіндегі пәтердегі өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.