Мереке • 17 Қазан, 2025
Қазақстанның ТЖМ жетістіктері мен жаңа бастамалары жарияланды
2025 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық оммуникациялар қызметінде 19 қазан – Құтқарушы күніне орай баспасөз конференциясы өтті. Онда Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев сөз сөйледі.
Экология • 17 Қазан, 2025
«Таза Қазақстан»: ҚХА мүшелері Астанадағы саябақта шырша отырғызды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының бастамасымен елорданың «Достық» аллеясында сенбілік ұйымдастырылып, шырша отырғызылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Экология • 16 Қазан, 2025
«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
Каспий теңізі — жойылып кету қаупінде тұр. Су айдыны жылдам тайызданып барады, бұл — тек бір елдің ғана мәселесі емес, миллиондаған адамның өмір салтына әсер ететін жаһандық экологиялық қауіп. Бұл жағдайды тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана түзетуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Қазан, 2025
Алматы облысында әр екінші түлек грант иегері атанды, 27 түлек Қытайда оқуға мүмкіндік алды
Алматы облысында 2025 жылғы бітірушілер науқанының қорытындысы шығарылды. Биыл өңір мектептерін 17 мың 940 оқушы тамамдады. Соның ішінде 7 681 түлек мемлекеттік білім грантының иегері атанды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдауда
Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 16 Қазан, 2025
Әйел – Қазақстанның жаңа «мұнайы»: Астанада Re.Women «Әйел – әлемнің жарығы» форумы өтті
Елордада Re.Women Astana әйелдер қауымдастығының «Әйел – әлемнің жарығы» атты форумы өтті. Шараға шамамен 400-ге жуық лидер әйелдер, депутаттар, кәсіпкерлер, IT саласының, білім, мәдениет және медиа өкілдері қатысты. Форум қоғамда, бизнесте және мемлекеттік қызметте әйелдің рөлі туралы ашық диалог алаңына айналды.
Үкімет • 15 Қазан, 2025
Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау City жобасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Абай облысында жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды
Абай облысының Бородулиха ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз бала Семей қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Қазақстан балалар үшін қауіпсіз бе? Халықаралық зерттеу нәтижесі
ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша балаларды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Аарон Гринберг Қазақстанның физикалық және психологиялық жазалау деңгейін төмендету бойынша өңірлік көшбасшылар қатарына енгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.