Ашық дереккөз
Алайда салалық көптеген сарапшылар бұл көрсеткіштердің шынайылығына күмән келтіреді. Бұл туралы телеграм-арнасы жазды. Себебі ОПЕК жариялайтын мәліметтер елдердің өздері ұсынған ақпаратқа негізделеді және тәуелсіз аудитпен расталмайды.
Сарапшылардың бағалауынша, нақты өндіріп алуға болатын әрі экономикалық тұрғыдан тиімді мұнай қоры 25-30 млрд баррель көлемінде ғана.
Ал өндіру жағдайы Ориноко белдеуіндегі аса ауыр мұнайға байланысты өте күрделі. Бұл факторлар өндіріс шығындарын айтарлықтай арттырады.
«Тұрақты мұнай өндіру мен экспортты қайта қалпына келтіру үшін инфрақұрылымға, мұнай өңдеу зауыттарына, құбыр жүйелеріне және энергетикалық жобаларға шамамен 1 трлн доллар көлемінде инвестиция қажет болуы мүмкін», делінген ақпаратта.