Фото: istockphoto.com
Бүгінде 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы жоғары сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жалпы алғанда бұл шара 1,7 млн балаға қолданылады.
Мектептегі жеңілдіктерді нақты және ашық есепке алу үшін Цифрлық отбасы картасының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл жүйе мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар санитарлық қауіпсіздік стандарттары да күшейтілді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңартылған Кодекс аясында мектеп асханаларына проактивті мониторинг енгізілді. Бұл алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізуге жол ашады.
Еске сала кетейік, бұдан бөлек бүгінде елімізде 1,8 млн-ға жуық бала тұрақты түрде спортпен айналысады.