
Шаруашылық • 25 Мамыр, 2025
АШМ 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке жайлағанын мәлімдеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі 880 мың гектарға жуық егіс алқабын шегіртке басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 25 Мамыр, 2025
Алматы облысында мектеп түлегі сыныптасына шампур сұғып өлтірді
Алматы облысының Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғамен аяқталды, түлектердің бірі құрдасымен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды анықтауға арналған экспресс-гистология іске қосылды.
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен онкологиялық ауруларды анықтауда аса маңызды саналатын диагностикалық әдістің түрі – экспресс-гистология іске қосылды.
Жұмыс • 25 Мамыр, 2025
Жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS арқылы хабарланады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді.
Қоғам • 25 Мамыр, 2025
Макинск қаласында су құбырларын жаңғырту жобасы қарқынды жүріп жатыр
Макинск қаласында ауқымды су құбыры желілерін жаңғырту жобасының бірінші кезеңі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда инженерлік желілердің 76,7 шақырымын қамтитын жұмыс көлемінің 65 пайызы орындалған. Соның нәтижесінде 45 шақырым жаңа құбыр тартылды.
Президент • 25 Мамыр, 2025
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
Астанада «Айбын» жастар сайысына іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аталды
68665 әскери бөлімінде жарыстар өтіп, нәтижесінде Ақтөбе қаласында өтетін XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысатындар анықталды.
Әскер • 24 Мамыр, 2025
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті
Қазақстандық бітімгерлік контингентінің орналасқан жеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» БҰҰ миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма танысу сапарымен келді.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы – қазіргі заманның басты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы бағыттағы нақты шешімдердің бірі – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Batys AgroHub» жобасы. Бұл бастама КПО б.в. консорциумының акционерлері – «Shell Қазақстан» және «Eni» компанияларының қолдауымен іске асырылып отыр.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2025
Сәтбаев атындағы каналда 17 трансформатор мен 19 сорғы қондырғысы жөнделеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қ.Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмыстарын бастады. Бүгінде 17 трансформаторды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, 9 қосалқы жабдық сатып алынды.