Төтенше жағдай • 04 Қаңтар, 2026

Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылында 4 жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, балалар ойнап жүргенде су бетіндегі жұқа мұз жарылған.

Оқиға орнында болған балықшы олардың үшеуін аман алып қалғанымен, бір бала суға батып, қаза тапты. Сүңгуірлер судан алып шыққан төртінші баланың мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Соңғы жаңалықтар