Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2025
Шымкентте құтқарушылар 5 метрлік шұңқырға құлаған жасөспірімді аман алып шықты
Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары атпен бірге 5 метрлік шұңқырға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Қыркүйек, 2025
Астанада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Елордада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 650 тоннадан астам өнім ұсынды. Жәрмеңке сөрелерінде ет, сүт өнімдері, балық, ұлттық тәтті-дәмділер және басқа да тауарлар бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жастар • 14 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның 20 өңірінде «Decentrathon 4.0» хакатоны өтуде
Қазақстанның 20 өңірінде жасанды интеллект тақырыбына арналған «Decentrathon 4.0» хакатоны өтіп жатыр. Ауқымды іс-шара IT саласына қызығушылығы бар жастарды бір арнаға тоғыстырды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2025
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 14 Қыркүйек, 2025
Халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін тарифтер жыл соңына дейін өзгермейді
Қазақстанда жыл соңына дейін халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілеріне арналған коммуналдық тарифтер өспейді. Бұл туралы инфляцияны тежеу мәселелері жөніндегі отырыста белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатының финалына 8 қазақстандық боксшы жолдама алды
14 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының соңғы күні өтеді. Финалдық кезеңге Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Көлік тізгінінде қалғып кетпеңіз: полиция жүргізушілерді сақтыққа шақырды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда рейд өткізіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Шара барысында ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілер ерекше бақылауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Жол-көлік оқиғалары салдарынан 15 адам қаза тапты
13-нен 14 қыркүйекке қараған түні Қазақстан аумағында екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, 15 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қыркүйек, 2025
Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатында 7 «Үздік медальон» иеленді
Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионаты — EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Тарихта алғаш рет қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай • 14 Қыркүйек, 2025
Шымкентте екі қабатты мешіттің шатыры өртеніп, оқиға орнына төтенше жағдай қызметі жедел жетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.