Сонымен қатар дайындалған немесе өзге тәсілмен консервіленген балық, уылдырық және оның баламаларының өндірісі 20,2%-ға өсіп, 12,3 мың тоннаға жетті.
Тұщы, салқындатылған немесе мұздатылған балықты ең көп өндірген өңір – Шығыс Қазақстан облысы (9,1 мың тонна). Одан кейін Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары келеді. Ал консервіленген балық пен уылдырық бойынша Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда тұр.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында отандық компаниялар ішкі нарық пен экспортқа бағытталған өңделген және консервіленген балық, шабақтарға деген сұраныстың 49,6%-ын қамтамасыз етті (өткен жылы – 47,8%). Осы кезеңде өндіріс 14,6%-ға артып, 44,5 мың тоннаны құрады. Импорт көлемі де 6,4%-ға өсіп, 45,2 мың тоннаға жетті. Экспорт пен реэкспорт 15,2%-ға азайып, 12,7 мың тоннаны көрсетті. Ішкі нарықтағы жалпы сатылым көлемі 77 мың тонна болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,1%-ға артық.
2025 жылдың екінші тоқсанында халықтың балық және теңіз өнімдерін тұтынуы бір адамға шаққанда 3,5 кг болды, яғни өткен жылмен шамалас (өсім – 0,5%). Тұщы немесе салқындатылған балық тұтыну 1,9%-ға өсіп, 2,3 кг-ға жетті. Мұздатылған балық тұтыну 8,7%-ға азайып, 377 грамды құрады.
Өңірлер бойынша алғанда балық пен теңіз өнімдерін ең көп тұтынатын аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы, онда бір адам тоқсанда орта есеппен 5,7 кг өнім пайдаланған. Одан кейін Ақмола облысы (5,6 кг) және Атырау облысы (5 кг) келеді. Ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласында (1,1 кг), сондай-ақ Маңғыстау (2,5 кг) және Жамбыл (2,8 кг) облыстарында тіркелді.
2025 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылықтарының балық пен теңіз өнімдеріне жұмсаған шығыны 20,3 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде 8,4%-ға артты. Ең көп шығын Атырау облысында тіркелді – орта есеппен 30,2 мың теңге (өткен жылы – 27,7 мың теңге). Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы мен Алматы қаласы тұр. Ең аз қаржы Шымкент, Маңғыстау және Қостанай облыстарының тұрғындары тарапынан жұмсалған.
2025 жылдың қазан айында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы бір айда 2,5%-ға, жыл ішінде 16,3%-ға қымбаттады. Бір айлық динамикада тұщы немесе салқындатылған балық 2,6%-ға, мұздатылған балық 1,5%-ға, консервіленген өнімдер 2,9%-ға өсті. Жылдық өсім бойынша тұщы балық бағасы 11,2%-ға, мұздатылған балық 22,9%-ға, ал консервіленген түрлері 20,4%-ға қымбаттады.
Аймақтар ішінде ең жоғары баға өсімі Қызылорда облысында тіркелді – бір айда 13,9%. Ең төмен өсім Павлодар мен Жамбыл облыстарында байқалды – әрқайсысында 0,4%. Шымкент қаласында балық бағасы қазан айында өзгеріссіз қалған.