
Құқық • 05 Ақпан, 2024
Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама
Ұлттық банк Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялағалы да біршама уақыт өтті. Тұжырымдама тұтынушылардың құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыру мақсатында жасалған. Open Banking («Ашық банктік қызметтер») банктерге өз клиенттерінің деректеріне үшінші тарапқа тек клиенттердің келісімімен ғана қол жеткізуге және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банкте Open API технологиясы клиентке көптеген шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кірістер мен шығыстарды талдауға мүмкіндік береді. Open Banking-ті енгізу халықаралық деңгейде танылған ақпарат алмасу хаттамасы болып саналатын Оpen API технологиясын қолдануға негізделген.
Қаржы • 05 Ақпан, 2024
Биржаға барар жол: Нені білу керек?
Қор нарығына қадам басу ерекше сауат пен білікті талап етеді. Бірақ бұған қарап биржада мәміле жасау соншалықты қиын әрі онымен тек ірі инвесторлар ғана айналысады деген көзқарас тумауға тиіс. Қазір биржа үдерістері әлдеқайда жеңілдетілді. Түрлі қосымшалар шықты. Күнделікті жұмысын істеп жүріп-ақ қор нарығынан тәуір пайда табуға машықтанған адамдар өте көп. Дегенмен кейбір ерекшеліктерді біліп жүргеннің артығы жоқ. Өйткені мұнда ұсақ-түйек қателік деген мүлде болмайды.
Саясат • 02 Ақпан, 2024
Үкімет басшылары келіссөз жүргізді
Алматыда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин кездесіп, келіссөз жүргізді. Келіссөздер Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қарсаңында өтті.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Елімізде балалардың да қазба байлықтан алар еншісі бар екені ескеріліп, шоттарына тұңғыш табыстары түсті. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген кірісті зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттан көруге болады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелген. Дәл қазіргі сәтте бағдарламаға 2006 жылдан бері өмірге келген 6 919 131 бала қатысады.
Үкімет • 01 Ақпан, 2024
Трансферттік баға бақылауға алынады
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар отбасылық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті қатаңдату туралы заң жобасын жұмысқа алды. Сонымен қатар екі халықаралық құжат ратификацияланды.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2024
«Самұрық-Қазына» жобаларына БЖЗҚ қаражаты тартылады
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің отырысы болып, онда қордың қаржылық ахуалы, бастамалары және жүзеге асқан жобалардың жай-күйі туралы ауқымды ақпарат берілді. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов холдингтің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы туралы әңгімелеп, 2023 жылғы таза пайда шамамен 1,9 трлн теңге деңгейіне жетеді деп болжанып отырғанын мәлімдеді.
Экономика • 25 Қаңтар, 2024
Kaspi.kz финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржасында акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) шығарды. Лондон қор биржасының сайтындағы ақпарат бойынша, Kaspi.kz әрқайсысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11 300 000 америкалық депозитарлық акцияны (ADS) орналастырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 доллардан.
Энергетика • 24 Қаңтар, 2024
2024 жыл: Қандай энергетикалық бастама жүзеге асады?
Еліміздің Орталық Азиядағы ресурсқа аса бай ел екені белгілі. Бірақ байлық бар да, оны тиімді пайдалану бар. Бізде осы екінші мәселе қатты ақсап тұр. Әрі кейінгі бірнеше жыл бедерінде төмен көміртекті дамуға көшудің тұрақтылығы мен жаһандық трендіне баса назар аудару күн тәртібінің алдыңғы шебіне шықты. Сондықтан еліміз энергетикалық тұрғыда тағдыршешті кезеңге де келіп жетті деуге болады. Содан болар мемлекет энергиямен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ниетті.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2024
«Эйр Астана» әуе компаниясы биыл IPO-ға шығатынын мәлімдеді. IPO, яғни компания акцияларын бастапқы жария орналастыру үдерісі Лондон биржасында (LSE,) Астана халықаралық биржасында (AIX) және Қазақстан қор биржасында (KASE) жүзеге асырылмақ. Жұмыс қаңтардың соңында басталады деп күтіліп отыр. Ұсынысқа қазіргі акционерлер BAE Systems Limited (акциялардың 49 пайызы) және «Самұрық-Қазынаның» (акциялардың 51 пайызы) үлесі кіреді. Сонымен қатар 120 млн доллардың қағазы сатылымға шығарылады.
Экономика • 22 Қаңтар, 2024
Ақша-несие саясатындағы өзгеріс
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені осымен қатарынан төртінші рет төмендетіп, ақша-несие саясатын жұмсартуға ниетті екенін аңғартқандай. Мөлшерлеме 15,75 пайыздан 15,25 пайызға түсірілді. 2022 жылдан басталған 16,75 пайыз деңгейіндегі қатаң мөлшерлеме 8 ай бойы салтанат құрды. Оның дәуірі 2023 жылдың тамызында тәмам болып, 16,50 пайызға төмендетілді. Одан кейінгі, қазандағы отырыста мөлшерлеме 16,00 болып бекітілді. Қарашада 15,75 пайызға төмендету туралы шешім қабылданды. Енді міне, тағы да төмендетілгелі отыр.