Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1313 материал табылды

Жоба • 22 Шілде, 2025

«ZAVOD FEST» – мол мүмкіндіктер алаңы

«ERG» компаниясы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургтер күніне орай және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кең ауқымды фестиваль өткізді. Фестиваль барысында кәсіби бағдар жайы түсіндіріліп, зауыт жұмысының қыр-сыры көрсетілді. Көрермен құрметіне думанды концерт те қойылды.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Шілде, 2025

«ZAVOD FEST» – мол мүмкіндіктер алаңы

ERG компаниясы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургтер күніне орай және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кең ауқымды фестиваль өткізді. Фестиваль барысында кәсіби бағдар жайы түсіндіріліп, зауыт жұмысының қыр-сыры көрсетілді. Көрермен құрметіне думанды концерт те қойылды.

Экономика • 15 Шілде, 2025

Ұлттық компаниялар «ен байлықтан» айырыла ма?

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ қаржы жылдың соңында пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару тетігі айқындалды. Жоғары аудиторлық палатаның хабарлауынша, Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді.

Экономика • 09 Шілде, 2025

Трамп тарифінде қандай өзгеріс бар?

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 та­мыз­дан бастап еліміздің АҚШ-қа баратын тауарларға 25% импорттық баж енгізетінін мәлімдеді. Трамп Қазақстан­мен сауда қатынасының беріктігін және маңыздылығын атап өтіп, сау­да балансы тапшылығына қара­мас­тан ын­тымақтастық орнатуға дайын екенін мә­лі­мдеген. «Біз Қазақстанмен сау­да қа­тынасымызды ұзақ жылдар бойы тал­қыладық және Қазақстанның тариф­тік және тарифтік емес саясаты мен сауда кедергілерінен туындаған ұзақ мерзімді және өте тұрақты сау­да тапшылығынан бас тартуымыз керек деген қорытындыға келдік. 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ-қа жөнелтілетін барлық қазақ­стандық тауарларға салалық та­риф­­терден бөлек, бар болғаны 25 пайыз­дық баж салығын аламыз», делінген мәлім­де­меде.

Шаруашылық • 04 Шілде, 2025

Ұн тартушылардың ұпайы түгелденеді

Осыдан бірер ай бұрын ұн тартатын кәсіпорындардың жаппай жабылып жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұрын Орталық Азия елдері ұнды бізден сатып алса, енді бидайды ғана сатып алып, ұн өңдеуді өздері жүзеге асырып жатыр. Салдарынан отандық ұн өңдеушілер үшін өткізу нарықтары тарылды. Осы ретте «Азық-түлік келісімшарт корпорация­сы» ұн тартушылардың қажеттілігін нарықтық бағамен қамтамасыз етпек.

Бюджет • 03 Шілде, 2025

Бюджет тапшылығы ұлғая түсті

Сарапшылардың есептеуінше, биыл сәуірде экономиканың нақты секторы сенімді өсуді жалғастырды. Бұған ең бірінші кезекте құрылыс, транспорт және қоймалау бағыттарындағы жоғарғы қарқын әсер етті. Жарты жылға шолу жасаған Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығы (AERC) мұнай өндірудің жоғарғы деңгейі тау-кен саласын ынталандырып жатыр деп есептейді.

Баға • 02 Шілде, 2025

Мың құбылған мұнай нарығы

ОПЕК-тің болжамынша, маусым айында мұнайға деген әлемдік сұраныс жылдық мәнде тәулігіне 1,3 млн баррель деңгейінде сақталады. Бұл өткен айдың бағалауымен сәйкес келеді дейді AERC сарапшылары. Сұранысты күшейтіп отырған елдер – Қытай, Үндістан және Азияның өзге де мемлекеттері. Биылғы мұнайдың жаһандық жалпы сұранысы тәулігіне 105,1 млн баррельді құрайды екен.

Қазақстан • 02 Шілде, 2025

Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы

Еліміз жыл санап Орталық Азиядағы (ОА) экономикалық көшбасшы ретіндегі ұстанымын күшейтіп келеді. Пандемия мен 2022 жылғы геосаяси шиеленістен кейін ірі сауда-логистикалық хабқа айналу мәселесін де күн тәртібіне шы­ғардық және ол нәтижесіз де емес. Қазір ел аумағы арқылы жүйткіп жатқан тауар ағыны ұлғайды. Бұл біздің сауда, инвестиция және инновация орталығына айналу мүмкіндігімізді еселейтіні даусыз.

Экономика • 02 Шілде, 2025

Металл алу тиімділігі артады

«Қазақмыс» корпорациясы Қарағандыда тау-кен металлургия саласына оңтайлы шешім әзірлеуге және қолданысқа енгізуге арналған алаң – R&D-орталығын іске қосты. Ол «КазГидроМедь» компаниясының базасында құрылды. Орталықтың тұсаукесеріне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ ірі тау-кен өндіруші компаниялар мен зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Энергетика • 27 Маусым, 2025

Жылу желілерін жаңғыртады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.