
Қаржы • 24 Қаңтар, 2025
AQR сектор тұрақтылығын растады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (тұрақты AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжей талдау жасалған.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2025
Сарапшылардың айтуынша, криптовалютаның отандық нарыққа кірігуі жайында нақты дерек жоқ. 2022 жылы криптовалютаға халықтың 4 пайызы иелік етсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 8 пайызға жеткен болуы мүмкін.
Қаржы • 22 Қаңтар, 2025
Әкімдіктер 40 млрд теңгені игермеген
Әкімдіктер 40 млрд теңгеге жуық мақсатты трансферттерді игере алмады. Оның 93 пайыздан астамы даму бағдарламаларына берілген.
Технология • 22 Қаңтар, 2025
«Yesil Technology Company» компаниясы «Kazakh Invest» қолдауымен елімізде өнеркәсіптік пилотсыз дрондар өндірісін жолға қоймақ. Жоба ауданы 50 000 шаршы метр өндірістік және ғылыми зерттеу аймағын салуды көздейді. Аймаққа аккумулятор шығаратын цех, инновациялық технологиялар ғылыми зерттеу орталығы, машиналардың толық циклін сақтау, ұшу аппараттарына арналған сынақ алаңы кіреді.
Инвестиция • 22 Қаңтар, 2025
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 121 жобаға 2,26 млрд еуро қаржы құйып, Орталық Азияда жаңа операциялық рекорд орнатты. Бұл ретте аталған банктен басты қаржы алушылар Өзбекстан мен Қазақстан екенін де айта кету керек. Көршіміз 938 млн еуро қаржы алса, елімізге 913 млн еуро инвестиция салынған.
Үкімет • 18 Қаңтар, 2025
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2025
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.
Банк • 17 Қаңтар, 2025
Ұлттық банк еліміздің төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабарламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына сәтті көшірілгенін хабарлады. Жаңа стандартты ескере отырып жаңғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйелері 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жаңа форматта іске қосылды.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2025
Дәурен Кеңбеил: Жаңа заң ашықтық пен қолдауды арттырады
Биылдан бастап елімізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң күшіне енді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқарып, тендер рәсімдері жеңілдейді. Реформа мемлекеттік қажеттіліктердің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің уақытын үнемдеу мен сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. «Egemen Qazaqtan» газетіне берген сұхбатында Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил заң туралы тарқата айтып берді.