
Үкімет • 15 Қаңтар, 2025
Толық циклді ет кәсіпорны жұмысымен танысты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «KazBeef» ЖШС кәсіпорын қызметімен танысты. Кәсіпорын «алаңнан сөреге дейін» толық өндірістік циклді жүзеге асырады: асылтұқымды мал өсіруден бастап етті өңдеуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
Саясат • 15 Қаңтар, 2025
Сенімді дамуға бағытталған бетбұрыс
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Инвестициялық штаб отырысында негізгі кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған инвестициялар туралы келісімдердің негізгі талаптары қаралып, мақұлданды.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2025
Су жаңа жылдың тұңғыш әрі бірегей жаңалығы – «Келешек» жобасының іске қосылуы. Мұны Мемлекет басшысының өзі «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заңға қол қойып, растады. Жүйеге 5-18 жас аралығындағы балалар қатысады.
Банк • 11 Қаңтар, 2025
Банктерге қойылатын талап қалай өзгермек?
Отыз жыл бойы мұрты бұзылмаған банк туралы заң биыл жаңарып, толығып, қайта қабылданады. Қолданыстағы заң 14 тараудан, 137 баптан тұрады. Соңғы 5 жылда аз-кем өзгеріс енгізілгенімен жалпы қаржы нарығының талаптарына жауап беру тұрғысынан жарамсыз еді. Ең қарапайымы – ескі заңда тіпті интернет туралы да ұғым жоқ. Ал әдепкі жиырма жылды былай қойғанда, соңғы он жылдың өзінде банк секторы түбегейлі өзгерістерді бастан кешті емес пе?!
Шаруашылық • 11 Қаңтар, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы мәліметтер талқыланды.
Экономика • 10 Қаңтар, 2025
Транскаспий тынысы мен түйткілі
Былтыр желтоқсанда елімізге Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало келді. Бұл ел өзі бізбен ауылы аралас, қойы қоралас болатындай жақын жерде де орналаспаған. Бірақ кейінгі жылдары мәні мен маңызы арта түскен Транскаспий көлік дәлізі қос елдің мүддесін бір арнада тоғыстыратын секілді. Орта дәліз деп те аталатын бұл бағыт Бисаудың ғана емес, көп елдің көңілінен шығып отыр. Оның біздің аумақ арқылы жаһан жұртына тарап жатқаны да үлкен артықшылық дейді мамандар. Соңғы 4 жылда Транскаспий дәлізі арқылы жүргізілген жүк тасымалының көлемі 5,1 есе ұлғайған. Дәл қазір жылына 6 млн тонна жүк өткізуге қабілетті.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2025
Мобильді аударымды тексеру тәртібі
Биылдан бастап жеке тұлғалар міндетті декларация тапсырудан босатылды. Бұл жағдай кәсіпкерлердің баяғыдай мобильді аударымдарды алаңсыз қабылдай беруіне жағдай жасай ма? Әрине, мұндай сауалдың туындауы заңды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, ендігі кезекте талдау критерийі өзгертіледі, енді аударым саны ғана емес, оның жалпы көлемі де ескеріледі.
Экономика • 07 Қаңтар, 2025
«Самұрық-Қазына» 2024 жылды қалай тәмамдады?
Қор өткен жылды қандай көрсеткіштермен аяқтады? Қандай жобалар жүзеге асырылды? Мемлекетке қандай пайда әкелді? Осы сұрақтарға жауап беретін және ұлттық әл-ауқат қорының жеткен жетістіктері, алдағы жоспарлары, жаңа мақсаттарын қамтитын жыл қорытындысы шықты. Ел экономикасында жетекші рөл атқаратын «Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылды табысты аяқтады.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды.
Экономика • 01 Қаңтар, 2025
Күнтізбе ауысуына байланысты жаңа жылда біраз өзгеріс болады. Оның кейбірі – заңнама тәртібінде көзделген өзгерістер болса, кейбірі – былтырғы бастамалардың заңды жалғасы. Мәселен, айлық есептік көрсеткіш жыл санап өсіп отырады. Былтыр 3 692 теңге болса, биыл 1 АЕК 3 932 теңгеге тең. АЕК-тің әсері зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәрдемақыларға да әсер етеді.