
Жоба • 09 Қараша, 2024
«Ауыл аманаты» қалай жүзеге асып жатыр?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты. Сапар аясында Президент тапсырмаларын іске асыру барысын саралап, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Үкімет • 09 Қараша, 2024
Бизнестің инвестициялық мүмкіндігі кеңейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес (ШОБ) форумына қатысты, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтеріліп, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жетілдіру бойынша қабылданған шаралар атап өтілді. Сондай-ақ еліміздегі іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту идеялары айтылды.
Саясат • 09 Қараша, 2024
Экономиканы өркендетуге арналған ынтымақтастық
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің төрағалығымен Астанада өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысты. Мақсат – Орталық Азия өңірінің интеграцияланған және орнықты дамуын қалыптастыруда бағдарламаға қатысушы елдер мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту.
Банк • 08 Қараша, 2024
Италия банкі нарыққа кіруге ниетті
Елімізде «Cassa Depositi e Prestiti» мемлекеттік банкінің несие желісі ашылып жатыр. Бұл жайында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екіжақты кездесуі барысында мәлім болды.
Саясат • 06 Қараша, 2024
Еліміздің жетістігі таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов «China International Import Expo – VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты – халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Үкімет • 05 Қараша, 2024
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі білім жүйесінің даму барысымен танысты. Білім сапасын арттыру мақсатында өңірде тірек мектептер желісін құруға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды.
Саясат • 05 Қараша, 2024
Қытайдың жетекші компаниялары өкілдерімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан – Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Шанхай қаласында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен келіссөздер өтеді. Сонымен қатар VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысу жоспарланған.
Экономика • 01 Қараша, 2024
Алматыда автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер өндірумен айналысатын «Kazakhstan Mobility Engineering» зауытының ресми ашылу рәсімі өтті. Зауыт «Астана Моторс» компаниясының құрылымына кіреді. 2023 жылдың сәуірінде «Астана Моторс» компаниясы «Motrex Co Ltd.» компаниясымен меморандумға қол қойып, Оңтүстік Корея технологиясы негізінде мультимедиялық құрылғыларды елімізде өндіру құқығына ие болған еді.
Салық • 31 Қазан, 2024
Сусынға салынатын салықтың салмағы
Дүниежүзілік банк (ДБ) бағалауынша, елімізде құрамында қанты бар тәтті сусындарды тұтыну көрсеткіші 50%-ға артқан. Салдарынан балалар семіздік пен артық салмақ ауруына көбірек душар бола бастады. Таяуда Денсаулық сақтау министрлігі қант тұтынуды төмендету, денсаулықты жақсарту, мемлекеттік кірісті ұлғайтуды мақсат тұтқан қант қосылған сусындарға салық салуды ұсынды. Болжам бойынша, салық қантты сусындар сатылымын 16%-ға қысқартып, бөтелкедегі су сатылымын 41%-ға көбейтеді. Түсетін салық ішкі жалпы өнімнің 0,25%-ына дейін артады. Мұндай түсім денсаулыққа да, қаржылық орнықтылыққа да оң әсер етеді.
Банк • 23 Қазан, 2024
Шетелдік банктерге шектеу азаяды
Елімізде шетелдік банктерді ашу жөніндегі талаптарды ырықтандыруға бағытталған түзетулерді енгізу жоспарланып отыр. Яғни шетелдік банкті ашуға рұқсат алуға қажетті құжаттар тізбесі қысқартылмақ. Құжаттар саны шетелдік бас компанияның рейтингіне байланысты болады.