Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1327 материал табылды

Қоғам • 07 Қаңтар, 2025

Мобильді аударымды тексеру тәртібі

Биылдан бастап жеке тұлғалар міндетті декларация тапсырудан босатылды. Бұл жағдай кәсіпкерлердің баяғыдай мобильді аударымдарды алаңсыз қабылдай беруіне жағдай жасай ма? Әрине, мұндай сауалдың туындауы заңды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, ендігі кезекте талдау критерийі өзгертіледі, енді аударым саны ғана емес, оның жалпы көлемі де ескеріледі.

Экономика • 07 Қаңтар, 2025

«Самұрық-Қазына» 2024 жылды қалай тәмамдады?

Қор өткен жылды қандай көрсеткіштермен аяқтады? Қандай жобалар жүзеге асырылды? Мемлекетке қандай пайда әкелді? Осы сұрақтарға жа­уап беретін және ұлттық әл-ауқат қорының жеткен жетістіктері, алдағы жос­парлары, жаңа мақсаттарын қамтитын жыл қорытындысы шықты. Ел экономикасында жетекші рөл атқаратын «Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылды табысты аяқтады.

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025

Жаңа әкімді таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды.

Экономика • 01 Қаңтар, 2025

2025 жылы не өзгереді?

Күнтізбе ауысуына байланысты жаңа жылда біраз өзгеріс болады. Оның кейбірі – заңнама тәрті­бінде көзделген өзгерістер болса, кейбірі – былтырғы бастамалардың заңды жалғасы. Мәселен, айлық есеп­­тік көрсеткіш жыл санап өсіп отырады. Былтыр 3 692 теңге болса, биыл 1 АЕК 3 932 теңгеге тең. АЕК-тің әсері зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәр­демақыларға да әсер етеді.

Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024

«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы: «Бәйтерек» кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырады

Отандық экономиканың бірнеше саласына серпін беруді мақсат еткен «Бәйтерек» холдингі 2024 жылды қалай қорытындыламақ? Иә, «Бәйтерек» дегенде ең бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдау және агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру мәселесі ойымызға оралады. Холдинг басшысына осы сыңайдағы сауалдарды қоюдың сәті түсті.

Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024

Әсет Тұрысов: Цифрлы жобаларды енгізу қаржы жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады

Уақыт жылжыған сайын жоғары технологиялар да қарқынды дамып, өміріміз анағұрлым жеңілдей түсті. Күнделікті дүкендегі сауда-саттық пен такси қызметі үшін мобильді қосымшалар арқылы ақы төлейтініміз рас. Бұл бір ғана мысал. Ауқымды деңгейде бағамдасақ, цифрландырудың игілігі бұдан да көп. Әсіресе оның мемлекеттік қаржы саласын басқарудағы пайдасы орасан. Осы туралы және саладағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.

Өндіріс • 27 Желтоқсан, 2024

«Болашақ» – ферроқорытпа нарығының болашағы

Әлемдегі ең ірі феррохром өндірушілерінің бірі саналатын ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы ілкімді жобаларды іске қосып, ел экономикасының қарышты қадамына үлес қосып келеді. «Қазхромның» филиалы – Дөң тау-кен ба­йыту комбинаты бұл күнде Ақтөбе және Ақсу зауыттарында өндірілетін ферроқорытпалардың негізгі шикізат базасына айналған. Жақында «Болашақ» шахтасы іске қосылды. Жаңа өндіріс орнының құрылысы мен оны жобалық қуатқа шығаруға ERG 1 трлн теңгеден астам көлемде жеке қаражатын инвес­тиция етіп салған. Нәтижесінде, 1 800-ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Шахта келешекте жылына 7,5 млн тонна хром өндіру көрсеткішіне қол жеткізбек.

Шаруашылық • 25 Желтоқсан, 2024

Шаруаларды қолдау жалғасады

«Аграрлық несие корпорациясы» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «Кең дала 2» бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны белгілі. 2024 жылдың 24 желтоқсанындағы жағдай бойынша корпорация 1 098 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 135,8 млрд теңгенің өтінімін қабылдап, 378 фермерге 39,047 млрд қаржы берілген.

Банк • 24 Желтоқсан, 2024

Дүниежүзілік банк жол саласын қаржыландырады

Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Қазақстандағы транспорттық байланыс және орнық­ты­лықты арттыру жобасына (TRACE) 650 млн доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімді жариялады. Аталған жоба Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) Жезқазған – Қарағанды учаскесін дамытуға бағытталған. Осы жоба аясында Дүниежүзілік банк тобы мен Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі (AIIB)алғаш рет бірге жұмыс істейтін болды. Сәйкесінше, бұл AIIB-ның елдегі жол саласындағы алғашқы жұмысы.

Саясат • 24 Желтоқсан, 2024

Маңызды келісімге қол қойылды

Астанада «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында екі маңызды құжатқа: «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоғамы» ҚБ арасындағы әріптестік туралы келісімге және Қоғам мен «KAZENERGY» еншілес компаниясы «Энергия» талдау орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.