
Елорда • 14 Қыркүйек, 2023
Астана қаласы көшелерінің алты жолақты кең автожолының өзінде қарбалас шақта кептелек пайда болып, едәуір уақыт жоғалтқан жеңіл көлік жүргізушілері де, жолаушылар да кейіп: «Елорданың алғашқы Бас жоспарын алақандай ғана жері бар Жапонияның сәулеткері Кисё Курокава жасамағанда мұндай қолайсыздық болмас еді. Қазақтың кең-байтақ жері жетпегендей, көшелердің арасын неге осынша тар қылды екен?..», деп сөгіп жатады.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2023
Халық санағымен және демографиямен айналысатын «World Population Review» (Әлем халқының санына шолу) халықаралық тәуелсіз ұйымының мәліметіне қарағанда, Қазақстан отбасылардың ажырасу көрсеткіші бойынша дүниежүзінде екінші орынға шыққан.
Ауыл • 07 Қыркүйек, 2023
«Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деп Бейімбет Майлин жазғандай, еліміз экономикасының жетекші саласының бірі – агроөнеркәсіп кешенінің маңызы зор.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2023
«Атымды адам қойған соң,Қайтіп надан болайын?»,деп дана Абай бабамыз айтқандай, адамның азан шақырып қойылған аты оның алдағы тағдырына әсерін тигізеді деген сөздің жаны бар. Бұған аса көрнекті жазушы есімін еншілеген мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Ерманның өнегелі өмірі де мысал болғандай.
Сұхбат • 21 Тамыз, 2023
Ғалым Нұржанов: Футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оның аясында аймақ үшін маңызды индустриялық-әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңадан құрылған «Ұлытау өңірі» футбол қауымдастығының президенті, «Kazakhmys Barlau» кәсіпорнының бас директоры Ғалым НҰРЖАНОВ «Egemen Qazaqstan»-ға миллиондар ойынының өңірдегі даму барысы туралы сұхбат берді.
Қоғам • 16 Тамыз, 2023
Ресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде елімізде екі қолына бір күрек таппай, жұмыссыз жүрген 80 мыңдай жас бар. Ал 194 мыңнан астам отандасымыз, яғни халқымыздың 1 пайызына жуығы, негізінен жастар шетелге барып еңбек етіп жүр. Бұл «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген ежелгі нақылдың ескіріп, бүгінгі заман шындығына сай келмей қалғандығын аңғартқандай.
Қоғам • 12 Шілде, 2023
Әлеуметтік желіге – әдеп пен тәртіп
«Өнер алды – қызыл тіл» деп Абай бабамыз айтқандай, ежелден сөз құдіретін сезіне білген халқымыз «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп айтарын ашық айтқанымен, «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деп, жауапсыз лақпа сөзден бойын аулақ салып, бір ауыз жөн сөзге тоқтай білген.
Қоғам • 05 Шілде, 2023
Ономастика – мемлекеттік шаруа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екеніне назар аудара келіп: «Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», деді.
Қоғам • 26 Маусым, 2023
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойынқұмарлықтың адамзатқа тигізіп отырған орасан зор зардабын пайымдай келе, оны «лудомания» деген ауру деп атауды ұйғарған. Осы әлеуметтік дертпен күресті күшейту мәселесі біздің еліміз үшін де маңызды.
Еңбек • 20 Маусым, 2023
«Қазақмыс» және «Казцинк» компаниялары кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарға арналған әлеуметтік пакетті кеңейтуге бастамашы болды. Осылайша, аталған ірі кәсіпорындар өз жұмыскерлерінің өмірде тап болған қиындықтан шығуларына көмектесіп, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік саясатты қолдап отыр.