
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауылда болып, жергілікті орта мектептің директорымен сөйлескенімізде, өзі басқаратын білім ұйымындағы оқушылар саны жылдан-жылға азайып бара жатқандығына алаңдаушылығын білдіріп еді. Сонымен қатар бір ауқатты ауылдасының Балалар үйінің бірнеше тәрбиеленушісін қабылдаушы отбасы ретінде асырап алуды ұйғарғандығына үміт артатынын айтып қалды.
Заң мен Тәртіп • 05 Маусым, 2025
Елімізде кейінгі жылдары Президенттің бастамасымен қабылданған заңнамалық өзгерістер мен іс-шаралар кешені, оның ішінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдасын жүзеге асыру оң нәтижесін беріп отыр. Мұны халықаралық рейтинг агенттіктерінің зерттеулері де растады.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Сардарлардың біліктілігі қандай?
Әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі, алмағайып кезеңде еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту – күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 мамырда болған Бүкілармиялық кеңесте сөйлеген сөзінде жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру қажеттігіне тоқтала келіп: «Қазіргі заманда әбден машықтанған сарбаздар ғана тиімді ұрыс жүргізе алады. Сондай-ақ сардарлардың біліктілігі айрықша рөл атқарады. Әсіресе, орта және төменгі буындағы басшылардың кәсіби дайындығы жоғары болуы шарт», деп атап айтқан еді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2025
Бақыт туралы пікір сан алуан. Соның ішінде Конфуцийдің: «Жақсы атаулының бәріне ие адам – бақытты емес, қолында барын қадірлей білетін адам – бақытты» деген сөзі ақиқатқа жақынырақ сияқты. Осы тұрғыдан қарағанда, Бақыт туралы биылғы дүниежүзілік баяндамада 136 елдің ішінде елімізге 43-орын берілгендігіне қайран қалуға болмайды. Аталған құжатты Оксфорд университетінің Әл-ауқатты зерттеу орталығы «Gallup» компаниясымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму шешімдері желісімен және тәуелсіз редакция алқасымен бірлесіп әзірлеген.
Қылмыс • 19 Сәуір, 2025
«Мал ашуы – жан ашуы» дейді халқымыз. Күнкөрісі малға байланысты болған ата-бабаларымыздан қалған бұл нақылдың арқауында айдың-күннің аманында қолындағы түлігінен айырылған ауылдағы ағайынның жанайқайы бар.
Білім • 16 Сәуір, 2025
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі», деп ұлы ақын, педагог Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Алайда еліміз тәуелсіздік алып, кеңес заманындағы жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшіп жатқан өтпелі кезеңде мұғалім мамандығының беделі төмендеп, білім сапасы да нашарлап кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы тамыз конференциясында Үкіметке мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есе көбейту туралы тапсырма беріп, сол жылы желтоқсан айында алғашқы «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойғаннан кейін ғана қоғамдағы ұстаз беделі арта бастады.
Тұлға • 15 Сәуір, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағанын, ел ағалары жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білгенін, олардың сын сағаттағы батылдығын нағыз ерлік деп бағалауға болатынын айта келіп, сондай отаншыл азаматтардың қатарында Александар Княгининнің есімін де айрықша құрметпен атаған еді. Өз жерінде азшылыққа айналып, ана тіліне қатер төнген қазақ ұлтына шынайы жанашырлықпен қарап, әлеуметтік әділдік туын көтеріп өткен қоғам қайраткерінің жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2025
Су шаруашылығындағы тоқыраған құрылыстар
Солтүстік Қазақстан облысының орталығынан елу шақырымдай жерде орналасқан Қызылжар ауданындағы Виноградовка ауылы тұрғындарының көбі қысы-жазы көлдің суын тасып ішіп жүр. Әбден тозығы жеткен ескі ұңғыманың сапасы нашар суын амалсыз пайдаланатын адамдар да бар. Виноградовкалықтар осыдан төрт жыл бұрын ауылға құбыр әкелініп, көшеге тартылып, елді мекенді орталықтандырылған су желісіне қосу басталғанымен, көп ұзамай бұл жұмыс тоқтап қалғанына шағым айтып жатады.
Пікір • 04 Сәуір, 2025
Ықылым заманнан бері халқымыз елдігінің басты рәмізі – байрағын ерекше қастер тұтып келеді. Бұл туралы атақты Сүйінбай ақыннан асырып айтқан ешкім жоқ шығар.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Былтыр 1 наурыздан бастап еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшкені мәлім. Нәтижесінде, қолданатын уақытымыз еліміздің батыс өңірлерімен, сондай-ақ көршілес Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерімен теңестірілді. Бірақ Үкіметтің бұл шешімін көпшілік қолдағанымен, оған қарсы шыққандар қарасы да аз болған жоқ. Алматы қаласының тұрғыны жариялаған петицияға бір жарым ай ішінде 50 мың адам қол қойғаны – соның айғағы.