
Заң мен Тәртіп • 21 Қаңтар, 2025
Заң үстемдігі индексі: Еліміз қай деңгейде?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында азаматтардың құқығын қорғау саласында кешенді шаралар қолға алынғанын айта келіп: «Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан біз осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырамыз, жүйелі жұмысты тоқтатпаймыз», деп мәлімдеді. Ал елімізде заң үстемдігін орнатуға бағытталған қадамдар оң нәтиже бере бастағанын «World Justice Project» халықаралық үкіметтік емес ұйымының Заң үстемдігі индексі растап отыр.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Тірі жетімнің несібесі кемімесін...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауында: «Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады», деп мәлімдеді. Бұл ретте бүгінде бауыр еті баласынан безген «көкек әкелер» мен «көкек аналардың» тірі жетім атанған перзенттері үшін алиментті уақтылы және толық мөлшерде төлеу мәселесі өзекті.
Сараптама • 15 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың былтыр Атырауда өткен үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға тоқтала келіп: «Халқымыздың қанына сіңген жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер біздің ұлттық ерекшелігіміз болып қала береді», деген еді. Осы мәселеге Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Экономикалық зерттеулер институты жыл сайын әзірлейтін «Өңірлік әл-ауқат индексі» зерттеуінде ерекше мән беріліп келеді.
Әскер • 11 Қаңтар, 2025
Әскер беделі сарбаздар сапынан көрінеді
Өткен жылдың соңындағы әскерге шақыру науқаны барысында әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген жас жігіттердің талайын Қорғаныс істері жөніндегі және Полиция департаменттерінің қызметкерлері көшеден ұстап алып, әскерге аттандырғанын бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтордан білдік.
Пікір • 10 Қаңтар, 2025
Күмәнді сейілтіп, сенімді нығайтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында қазақтілді республикалық басылымдардың біріне көлемді сұхбат беріп, өткен жылы атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселелері жайлы кеңінен сөз қозғауды игі дәстүрге айналдырды. Мемлекет басшысының биылғы 3 қаңтарда «Ana tili» газетінде «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбымен жарияланған сұхбатында да көпшіліктің көкейінде жүрген сан алуан сауалға ашық та айқын жауап берілді.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2025
Жетімін жылатпаған жұрт едік...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттің ерекше қамқорлығында болатынын айта келіп: «Балалардың арнаулы мекемелерін Балаларды қолдау орталығы ретінде қайта құрамыз. Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алатын кәсіби отбасыларға балаларды орналастырудың баламалы нысанын енгіземіз», деп мәлімдеген еді. Бұл өркениеті биік мемлекет болуға ұмтылған еліміздің ежелгі ұлттық құндылығын жаңғыртуға бағытталған шешімдер екені анық.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2024
Qazaqgaz басшысы 2024 жылдың қорытындысы туралы: «Газ саласын дамытудың жаңа эрасы басталды»
Биыл Ұлттық құрылтайдың Атырауда болған үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін елді мекендерді газдандыру деңгейін айтарлықтай арттыруды және желілерді жаңғыртуды тапсырғаны мәлім. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтен сұраған едік.
Заң мен Тәртіп • 11 Желтоқсан, 2024
Билер институты һәм дала демократиясы
Бала кезімізде «Аяз би» ертегісін қызыға оқып, оның биік парасаты мен қарапайымдылығын көкейімізге тоқып өстік. Өмірде болған бұрынғының атақты билері де қара қылды қақ жарған әділдігімен танылып, аңызға айналғаны мәлім. Ал қилы заманда үш жүздің басын қосып, ұлт бірлігінің рәмізіне айналған Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің ардақты есімдері еліміздің тарихынан өшпес орын алды.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024
Зейнеткердің құқын шектемейік...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде: «Азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі басым міндетті ұдайы назарда ұстаған дұрыс. Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды», деген еді.
«Таза Қазақстан» • 06 Желтоқсан, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында елімізде биылғы көктемде басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жыл бойы жалғаса беруге тиістігін айта келіп: «Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп. Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек. «Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті», деді.