Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Әлеуметтік көмек майшелпек емес

Ата заңымызда атап көрсетілгендей, еліміздің ең қымбат қазынасы – адамдарды әлеуметтік қорғауға баса назар аударылып келеді. Мәселен, 2010 жылы 221,8 мың аз қамтылған отбасыға 35 млрд теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілген болса, биыл осындай 242 мың отбасыға 132 млрд теңге бөлінді. Алайда АӘК алушылардың арасында мемлекет қамқорлығын майшелпек көріп, масылдық пиғылдан арылмақ түгіл, әлеуметтік алаяқтыққа ұрынып жүргендер де бар. Бұған қоса, әлеуметтік жеңілдік алу жолында некелерін заң жүзінде бұзып, іс жүзінде бұрынғыша бірге тұрып жатқан жалған ажырасушылар да аз емес.

Заң мен Тәртіп • 30 Қазан, 2025

Жемқорлыққа қарсы күрес дәйекті жүргізілуі қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамырын тереңге жіберген қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялап, ықпалды шаралар қолданып келеді. Нәтижесінде, «Transparency International» жемқорлыққа қарсы күрес және дүниежүзіндегі жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйымы атап көрсеткендей, былтырғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (СЖҚИ) бойынша еліміз өзінің жаңа тарихында алғаш рет 40 балға қол жеткізіп, 180 мемлекеттің ішінде 88-орынға көтерілді.

Өндіріс • 20 Қыркүйек, 2025

Өнеркәсіппен өрілген даңқ жолы

Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) құрылғанына биыл 80 жыл болды. Бүгінде тарихы бір ғасырға жуықтаған кәсіпорын ұжымы атқарылған игі істер­дің бәрін еске түсіріп жатыр: ел игілігі үшін миллиондаған тонна өнім шығарылды, жаңғырту­дың арқасында өндіріс көлемі ұлғайып, мұнай өнімдерінің сапасы жақсарды, ең бастысы – Отанымыз үшін аянбай еңбек еткен мыңдаған кәсіби маманның мұнай өңдеуге қосқан үлесі айтарлықтай.

Қоғам • 13 Қыркүйек, 2025

Мәдениеттілік көрсеткіші

Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегі-повесіндегі таңертең ұйқыдан тұрысымен жуынып-шайынып алып, өзінің шағын планетасын аса қауіпті арам шөптен тазалауға кірісетін өреннің өнегесі кімге болсын ой салады. Елімізде былтырдан бері іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасына балдырғандардың да үлес қосып жатқанын көріп сүйсінгенде осы шығарма есімізге түседі. Әсілінде, тазалыққа шақыратын бұл бастаманың ең үлкен тағылымы осы емес пе?

Қоғам • 30 Шілде, 2025

Әдемі қартая білуге де парасат қажет

Алты бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бір ағайын қартайған шағында перзенттерінің өзіне деген ықыласына көңілі толмай: «Еліміздің Конституциясында кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті», деп жазылған. Ендеше, әйелім екеуіміздің кәрі қойдың жасындай ғұмы­рымыз қалғанда балаларымыз бізге неге дұрыс көңіл бөлмейді?» деп қын­жылғаны бар. Осы сауал төңірегінде өзі де толғанып, бізді де ойға қалдырған еді.

Мәселе • 15 Шілде, 2025

«Киік – киелі» дегенмен...

Халқымыз киелі түз жануары санайтын киік мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі бол­ды. Оған бір себеп – құмырсқадай қаптаған ақбөкен тапап өтіп, малға жайылым қалдырмаған шаруалардың жанай­қайы. Әсіресе Жайық өңіріндегі тіршілігі төрт түлікке қара­ған ағайын алдағы уақытта тігерге тұяғы қалмай ма деп қауіп­теніп, билік басындағы азаматтардан араша сұрауға мәжбүр болған.

Қоғам • 01 Шілде, 2025

Ішкі көші-қон: Заң талабы неге бұзылады?

Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің солтүстік және шығыс облыстарында әртүрлі себеппен нашарлап кеткен демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыс күші артық өңірлердің тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы сегіз жылдан бері жүзеге асырлып келеді. Әйткенмен осы әлеуметтік жобаның нәтижесі көңіл көншітерліктей емес.

Қоғам • 10 Маусым, 2025

Жетімдерге қамқор отбасы

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауылда бо­лып, жергілік­ті орта мектептің директорымен сөй­лес­кенімізде, өзі басқаратын білім ұйы­мындағы оқушы­лар саны жылдан-жылға азайып бара жатқандығына алаң­дау­шылығын білдіріп еді. Сонымен қатар бір ауқатты ауыл­дасының Балалар үйінің бірнеше тәр­бие­лену­шісін қабылдаушы отбасы ре­тінде асырап алуды ұйғар­ғандығына үміт артатынын айтып қалды.

Заң мен Тәртіп • 05 Маусым, 2025

Тұжырымдама тегеуріні

Елімізде кейінгі жылдары Президенттің бастамасымен қабылдан­ған заңнамалық өзгерістер мен іс-шаралар кешені, оның ішінде «Заң мен тәртіп» тұжы­рымдасын жүзеге асыру оң нәтижесін беріп отыр. Мұны халық­аралық рейтинг агенттіктерінің зерттеулері де растады.

Айбын • 23 Мамыр, 2025

Сардарлардың біліктілігі қандай?

Әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі, алмағайып кезеңде еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту – күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 мамырда болған Бүкілармиялық кеңесте сөйлеген сөзінде жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру қажеттігіне тоқтала келіп: «Қазіргі заманда әбден машықтанған сарбаздар ғана тиімді ұрыс жүргізе алады. Сондай-ақ сардарлардың біліктілігі айрықша рөл атқарады. Әсіресе, орта және төменгі буындағы басшылардың кәсіби дайындығы жоғары болуы шарт», деп атап айтқан еді.