
Ауыл • 17 Шілде, 2024
Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданын жергілікті жұрт «Ұлылар мекені» деп атайды. Себебі аса көрнекті жазушылар Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Сафуан Шаймерденов – осы өңірдің тумалары. Олардың мерейтойы ел көлемінде думандатып атап өтіліп жатқанымен, туып-өскен ауылдарының жағдайы жылдан-жылға нашарлап барады.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Үшінші баланың орны бөлек немесе халықтың табиғи өсімі қайтсе артады?
Еліміз кең-байтақ жерінің көлемі бойынша әлемде 9-орынды еншілегенімен, халқының саны жөнінен – 62-орынды, ал тұрғындарының орналасу тығыздығы жөнінен 184-орынды місе тұтып отыр. «Бос жатқан жер жау шақырады» деген нақылды тілге тиек еткен зиялы қауым өкілдері мен Парламент депутаттары еліміздегі демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіріп жүр.
Қаржы • 03 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында әлемде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталған қазіргі аса маңызды кезеңде еліміздің зор экономикалық серпіліс жасауға толық мүмкіндігі бар екенін айта келіп: «Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қолжеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс», деген еді.
Құқық • 28 Маусым, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады», деген еді.
Шаруашылық • 21 Маусым, 2024
Кеңес заманында «Қазақстандағы қой санын 50 млн-ға жеткізейік!» деген ұран тасталғандықтан, Шопан ата түлігінің қадірі артып, озат шопандар жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болып, атақ-даңқы дүрілдеп тұрды. «Қой шаруашылығы – екінші тың» атанып, мектеп түлектері сыныптастарымен бірге шопандардың комсомол-жастар бригадаларын құрып, қой бағумен айналысты. Алайда жалпақ дүниеге жар салып жариялаған межеге жеткен жоқ.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Интернет өмірге енген соң жұрттың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына көзқарасы өзгеріп, кез келген адам өз пікірін, көрген-білгенін жедел жариялайтын әлеуметтік желі басты ақпарат көзіне айналғаны анық.
Пікір • 14 Маусым, 2024
Биылғы алапат су тасқыны кезінде жұрттан жылу жинаған қайырымдылық қорлары аз болған жоқ. Бірақ олардың көбі жиналған қаражат қанша екені, қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы есеп берген емес. Ал әлеуметтік желіде әртүрлі себеппен ақшалай жәрдем сұраушылар көбейіп тұр. Алайда олардың қайсысы шын мұқтаж екенін анықтау оңай емес.
Қазақстан • 13 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық қатынастар жолына түскен кезде «Сен ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген жаңа мәтел пайда болып, материалдық байлық басты құндылыққа айналғаны, ал мемлекеттік қызмет баюдың құралы саналып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық белең алғаны белгілі. Мұның өзі еліміздің дамуын тежеген басты фактордың бірі еді.
Пікір • 12 Маусым, 2024
Нәтиже жауапкершілікпен өлшенеді
Кеңес заманында көзбояушылық көп болды. Мысалы, Қазақстанның миллиард пұт астық тапсыруы, озат шопанның әр жүз саулықтан 120-130 қозы өргізуі, атақты жылқышының әр жүз биеден 100 құлын алуы сияқты өтірік-шыны аралас рапорттар беріп, мақтан қуу дәстүрге айналған еді. Алайда одан Кеңес одағының көсегесі көгермек түгіл, экономикасы құлдырап, дағдарысқа ұшырап, ақыры күйреп тынғаны мәлім.
Пікір • 07 Маусым, 2024
Аудан атауларын бірізді етсек...
Елімізде кеңес заманында құрылған бірқатар ауданға ұлттық ерекшелігімізге сәйкес Абай, Амангелді, Жамбыл, Исатай, Махамбет сынды тарихи тұлғалардың тегі емес, есімі берілген. Сол кезде үстемдік құрған орыс мәдениетінің ықпалымен Жангелдин, Байғанин аталған аудандар да бар.