
Коронавирус • 05 Тамыз, 2021
Әскери дәрігерлер көмекке келді
Коронавирустық инфекциямен аурудың ұлғаюына байланысты жергілікті атқарушы органның өтінішіне орай Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы Әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар ретінде өрістетілді.
Қоғам • 03 Тамыз, 2021
Бала кезімізде ауылымызда қолынан таспиғы түспейтін ақ сәлделі молда болды. Ақсары кескініне қарап, ауылдағылар «Ақ молда» деп кеткен. Өзі фашистермен соғысқа қатысқан ардагер еді. Майданда жүргенінде қайдан олжалағаны белгісіз, бір алтын жалатылған қымбат самауырды арқасындағы қапшығына тығып ұстап, соғыс біткен соң елге ала келіпті. Осыны естігенде өз басым сол молданың қанкешудің ішінде жүрсе де дүние-мүлікке қызыққанына қайран қалып, оның имандылық жайлы жұртқа айтқан уағызының шынайылығына сенбеуші едім. «Аңқау елге – арамза молда» деген мақал сол кісіге қарата айтылғандай көрінетін...
Тәуелсіздік • 09 Шілде, 2021
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ: Әділетсіз құрбан болғандарға әділетті баға беруіміз керек
Жаһанданудың жұтқыншағы желкемізде тұрған кезеңде ұлттық сипатымызды қалай сақтап қаламыз? Ойлай кетсең, санаңа зіл батпан салмақ салатын, көңіліңе кірбің ұялататын сауал. Аласапыран уақытта, аумалы-төкпелі шақта қазақтық қалпымызды, ұлттық салтымызды сақтап, жаңа заманның игіліктерін ел дамуына ыңғайлаудың жүгі ауыр. Осы жолда еңбектену – әрқайсымыздың ұрпақ алдындағы парызымыз. Өйткені елдің болашағы соған тікелей байланысты. Бұл тарапта мемлекеттік ауқымдағы тұлғалар не ойлайды? Соны білмек ниетпен Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевпен сұхбат құрдық.
Сұхбат • 23 Маусым, 2021
Әсет Исекешев: «Жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мақсаты – ұлттық мүдделерімізді қорғау»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті. Біздің өтінішіміз бойынша оның мақсаты мен негізгі басымдықтары туралы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев айтып берді.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
Әкімдер сайлауы туралы ашық әңгіме
Nur Otan партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттік басқару жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу мәселелері талқыланды. Оған саяси партиялардың, ірі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
«Бүгінгі помещиктер» «Жастардың жұмыс істегілері келмейді» деп «жылайды»...
Осыдан он шақты жыл бұрын Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимаратында ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбында өңір активінің жиналысы өткені жадымда.