
Тұлға • 28 Қараша, 2024
Бейбіт күнде «жер аударылған» батыр
Халқымыздың Екінші дүниежүзілік соғыста даңқы шыққан жаужүрек перзенттерінің арасында кейінгі бейбіт өмірдегі мылтықсыз майданда да ел мен жер мүддесін қорғап, бастарын бәйгеге тіккен есіл ерлер бар. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатов.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Бетбұрыс баянды болсын десек...
Президент былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін атап айтып, Үкіметтің алдына агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау міндетін қойғаны мәлім. Осыған орай ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған дәрежеде қуатты қолдау көрсету және салада іске асырылып жатқан реформа оң нәтижесін бере бастады.
Экономика • 26 Қараша, 2024
Қазақстанның экономикалық трансформациясы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі күш-жігер қажеттігін айта келіп, Үкімет терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізбесін жасағанын атап өтті.
Саясат • 23 Қараша, 2024
Мәслихаттың маңызы артып, пәрмені күшейеді
Мемлекеттік биліктің халық сайлаған маңызды тармағы мәслихаттардың пәрменділігі мен ықпалдылығын арттыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 3 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөйлеген сөзінде жергілікті өкілді билік халық сеніміне сай болуы үшін мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін көтеруге және жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын күшейтуге айрықша мән беру қажеттігін айтты.
Шаруашылық • 22 Қараша, 2024
Ауыл шаруашылығы: Кадрдың қадірі бар ма?
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл шаруашылығы жастардың өзін танытуына мол мүмкіндік береді деп ойлаймын. Ауылға маман тартудың қаншалықты қиын екенін жақсы білетін шаруашылық басшылары бұл іске ерекше мүдделі» деген еді. Қазіргі уақытта аталған саланы білімді де білікті мамандармен қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Өйткені агроқұрылымдар басшыларының көбі бүгінде жасы егде тартқан мамандардың орнын басатын кадрлар жетіспейтінін, ал жастар ауылдан қалаға кетіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіріп жүр.
Марапат • 20 Қараша, 2024
Республика күні омырауына орден-медаль таққан танысыммен кездесіп қалғанымда: «Алғаш алған марапатыңыз қайсысы?» деп сұрағаным бар. Сонда ол: «Мектептің бірінші сыныбына барып, алғашқы тоқсанды кілең үздік бағамен аяқтадым. Жаңа жылдық шыршада Аяз ата маған озат оқушы ретінде әдемі қолшам сыйлап, «Білім – жарық, ал надандық – қараңғылық. Білімді бол!» деп бата берді. Басқа марапаттарыма жол ашып берген алғашқысы да сол еді», деді.
Медицина • 20 Қараша, 2024
Қаржы жоқ па, әлде қанағат жоқ па?..
Отандастарымыздың әл-ауқатының артуы, денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылған реформалардың нәтижесінде былтыр еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Соған қарамастан, еліміздегі медицина ұйымдарының жұмысында әлі де кемшілік көп. Мұның себебін Денсаулық сақтау министрлігінің (ДСМ) басшылары салаға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігімен түсіндіріп жүр.
Қылмыс • 16 Қараша, 2024
Жалған дипломды пайдалану – қылмыс
Еліміздегі жоғары білім беру сапасы көңіл көншітерліктей емес. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізгенін сынай келіп, Үкіметке олардың санын қысқартуды, әсіресе диплом сатумен айналысқан университеттерді жабуды тапсырған еді.
Қоғам • 07 Қараша, 2024
ТikTok контенті қатаң қадағалануы керек
Қытайдың «ByteDance» компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісі бүгінде әлемге кеңінен танымал болып, ай сайынғы аудиториясы 1 млрд адамнан асып жығылып отыр. Уикипедияның мәліметіне қарағанда, Қытай елінде аталған платформаны пайдаланушылардың 60 пайызы 25–44 жас аралағындағы адамдар болса, өзге мемлекеттерде оны көбінесе 24 жастан асқан азаматтар пайдаланады екен.
Қоғам • 05 Қараша, 2024
Тұрғынжай: оң өзгеріс, ойланарлық ұсыныс
Еліміздегі тұрғынжай құрылысының қарқыны айтарлықтай. Ұлттық статистика бюросының ақпарына қарағанда, былтыр кейінгі он жылдың ішіндегі рекордық көрсеткішке қол жеткізіліп, жалпы көлемі 17,5 млн шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Соған қарамастан, баспана кезегінде тұрған азаматтар саны әлі де көп.