
Қоғам • 22 Тамыз, 2024
Халқымыз ежелден қарияларын қазына санап, «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» деген нақыл сөз қалдырған. Тек ата салт-дәстүрімізден айрыла жаздаған кешегі кеңес заманында белең алып, бүгінгі пайда қуған нарықтық қатынастар кезеңінде тіпті тереңдей түскен теріс үрдіс – егде тартқан адамдарды жұмысқа алмау, оларды зейнет жасына жетісімен «құрметті демалысқа» тездетіп шығарып салып «құтылу» қарттардың қабағына кірбің түсіретіні рас.
Пікір • 21 Тамыз, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Дүниетанымымызға жат мәдениеттерге көзсіз еліктеуден, жалған патриотизмнен, даңғойлық пен дарақылықтан сақтануымыз керек. Халқымыздың бойындағы кемшіліктерге көз жұма қарамай, одан арылуымыз қажет. Мұның бәрі күн сайын құбылған тұрлаусыз заманда өмір сүріп жатқан Қазақстанның келешегі үшін айрықша маңызды», деген еді.
Қоғам • 14 Тамыз, 2024
Интернет алаяқтар қашанғы алшаңдайды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн», деп Үкіметке интернет алаяқтықпен күресті күшейтуді тапсырған еді.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2024
Қоғамдық кеңестің ықпалы қандай?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, соның ішінде қоғамдық кеңестердің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажеттігін атап айтқан болатын.
Туризм • 07 Тамыз, 2024
Бүгінде туризмнің әлемдік жалпы өнімдегі үлесі 9 пайыздан асып, коронавирус пандемиясына дейінгі деңгейге жақындап қалды. Ал біздің елде осы саланы дамытуға мол мүмкіндік барына қарамастан, оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кейінгі төрт жылда 3,7 пайыздан 3,2 пайызға дейін азайып кеткен. Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауына қарағанда, Қазақстан туризм саласындағы іскерлік ортаны дамыту бойынша 119 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл елімізде туризм бизнесімен айналысуға қолайлы жағдай жасалмағанын көрсетеді.
Жемқорлық • 06 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында: «Әділетті Қазақстанды құру – менің Президент ретіндегі басты миссиям. Бұл – бәріміздің ортақ ісіміз. Біздің мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспарымыз бар, барлық қажетті ресурс, ең бастысы, баға жетпес капитал – еліміздің жауапкершілігі мол азаматтары бар. Мұндай тарихи өзгерістер ұлттың ұйысуын және әрқайсымыздың күш-жігерімізді қажет етеді», деген еді.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Интернет өмірге енген соң жұрттың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына көзқарасы өзгеріп, кез келген адам өз пікірін, көрген-білгенін жедел жариялайтын әлеуметтік желі басты ақпарат көзіне айналғаны анық.
Пікір • 14 Маусым, 2024
Биылғы алапат су тасқыны кезінде жұрттан жылу жинаған қайырымдылық қорлары аз болған жоқ. Бірақ олардың көбі жиналған қаражат қанша екені, қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы есеп берген емес. Ал әлеуметтік желіде әртүрлі себеппен ақшалай жәрдем сұраушылар көбейіп тұр. Алайда олардың қайсысы шын мұқтаж екенін анықтау оңай емес.
Қазақстан • 13 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық қатынастар жолына түскен кезде «Сен ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген жаңа мәтел пайда болып, материалдық байлық басты құндылыққа айналғаны, ал мемлекеттік қызмет баюдың құралы саналып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық белең алғаны белгілі. Мұның өзі еліміздің дамуын тежеген басты фактордың бірі еді.
Пікір • 12 Маусым, 2024
Нәтиже жауапкершілікпен өлшенеді
Кеңес заманында көзбояушылық көп болды. Мысалы, Қазақстанның миллиард пұт астық тапсыруы, озат шопанның әр жүз саулықтан 120-130 қозы өргізуі, атақты жылқышының әр жүз биеден 100 құлын алуы сияқты өтірік-шыны аралас рапорттар беріп, мақтан қуу дәстүрге айналған еді. Алайда одан Кеңес одағының көсегесі көгермек түгіл, экономикасы құлдырап, дағдарысқа ұшырап, ақыры күйреп тынғаны мәлім.