Сұхбат • 29 Тамыз, 2024
«Есірткі қылмысымен күрес жалғасады»
Заманның зұлмат дертіне қарсы күрестің бір сәтке де толастаған күні жоқ. Десе де, есірткінің құлына айналып, өз өміріне балта шауып жатқандар азаймай тұр. Өкініштісі, есірткіге елтігендердің арасында жастар мен жасөспірімдердің саны артып барады. Ал «қара бизнестің» көрігін қыздырушылар адам тағдырын ойыншыққа айналдырып, бас пайдалары үшін бала еңбегін де пайдалануға үйір. Әлемді алаңдатқан қауіпті дертпен еліміздегі күрестің нәтижесі туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан ӘМІРХАНОВ айтып берген еді.
Несие • 24 Тамыз, 2024
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
Естеріңізде болса, төрт-бес жыл бұрын мемлекет біраз азаматтың банктегі несиесін кешіріп, халықтың бір жағына шығысқан еді. Алайда 2019 жылы сол кредиті кешірілгендердің басым көпшілігі қаржылық ұйымдардан қайтадан ақша алған. Кейбірі алған несиесін уақытында төлемей, проблемалық борышкерге айналған. Олардың арасында тұрмыстық қажеттілікті өтеуге емес, дарақылық үшін қарызға қымбат техникалық заттар алып, дүркіретіп той жасағандары да бар. Ал мұның сыртына мемлекет беретін әртүрлі жеңілдіктер мен Үкіметтің беретін ай сайынғы көмегін алудың сан түрлі айласын жасап жүргендердің қарасы да көбейіп барады. Қоғамдағы масылдық психологияның кең етек алып бара жатқанын жоққа шығаруға болмас.
Айбын • 23 Тамыз, 2024
Жауынгерлік дайындық пысықталды
Құқықтық тәртіп әскерінің радиациялық химиялық және биологиялық қорғау мамандарының арасында алғаш рет өткізіліп отырған ведомствоаралық полигондық жұмыс аяқталды.
Әскер • 22 Тамыз, 2024
Адам баласы үшін ата-ананың қолдауы секілді қиын сәтте демеу болар достық та ауадай қажет. Тай-құлындай тебісіп, бала кезден бірге өскен Абылай Дінәсілов пен Рахат Усманалиев – сыйластық пен түсіністікті ту ете білген адал достар. Тіпті екі дос Отан алдындағы борышын да бір бөлімде өтеп жүр.
Тәрбие • 22 Тамыз, 2024
Қатыгез бала – қоғамның бітеу жарасы
Бүгінде балалардың қатыгездігіне жиі бас шайқайтын болдық. Қуыршақ ойнайтын жаста қылмысқа барып, балдырған шақта қатарластарына озбырлық көрсететін балабақшадағы көріністер жағаңды ұстатпай қоймасы анық. Кінәні басбұзар баланы тәрбиелеген ата-анаға артамыз ба, әлде жүгенсіз кеткен жасөспірімдерді жауапқа тартқыза алмаудың салдарынан іздейміз бе?
Айбын • 17 Тамыз, 2024
Болашақ сарбаздарға арналған қалашық
Елордалық жасөспірімдер Шекара қалашығында жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, әскери өмірдің қыр-сырына қанық болуына мүмкіндік алып отыр. 18 тамыз – Шекарашылар күні қарсаңында Астанадағы Мичурино тұрғын үй алабында орналасқан «Batyrlar» әскери-патриоттық орталығында Шекара қалашығы ашылды. Елорда іргесіндегі бұл орталықтың жұмыс істеп тұрғанына бір жыл ғана уақыт болған. Соған қарамастан орталыққа келетін тәрбиеленушілердің саны артып келеді.
Форум • 16 Тамыз, 2024
Ортақ стратегияға бастайтын басқосу
Бұл күндері Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан жастарының форумы өтіп жатыр. Тараптар жастар саясатының негізгі мәселелерін талқылады.
Жастар • 16 Тамыз, 2024
Жастардың бастамасы қолдау таппақ
Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған отырыс өтті.
Саясат • 10 Тамыз, 2024
Халықаралық саясаттың байыпты кезеңі
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі халықаралық саясаттың маңызды факторына айналды. Осы арқылы аймақтың алдағы даму бағыты айқындалып, жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мүддесі байыпталды. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінде де келелі мәселелер талқыланды.
Саясат • 09 Тамыз, 2024
Бүгінде қазақ-өзбек қарым-қатынасы жан-жақты дамып келеді. Сенімді достық әрі туыстық байланыстың өрбуі стратегиялық жоспарлардың жемісті жүзеге асуына жол ашты. Кеше қос ел басшыларының шағын құрамда өткізген келіссөздері де түбі бір туыс халықтардың ынтымағын арттырып, бірлігін нығайтуға бағытталды.