Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
162 материал табылды

Қазақстан • 13 Шілде, 2024

Жемқорлыққа қарсы күрес қорытындысы

Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі биылғы жарты­жылдықта атқарған жұмысын қорытындылады. Жиынға Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ агенттік пен аумақтық бөлімшелердің басшылық және жеке құрамы қатысты.

Әлем • 13 Шілде, 2024

Ынтымақтастықтың артуына мүдделіміз

Биыл ақпанда Қазақстан мен Үндістан арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 32 жыл толды. Бүгінде қос мемлекеттің тауар айналымы өңірдегі басқа елдердің Үндістанмен арадағы тауар айналымының жиынтық көлемінен асып түседі. Жуырда БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Үндістан диалогі» секілді ірі халықаралық ұйымдарда өзара әріптес ел – Үндістан Республикасының Қазақстандағы елшісі Нагендра ПРАСАДПЕН сұхбаттасқан едік.

Айбын • 13 Шілде, 2024

Берері мол «Бірлестік»

Ақтау қаласының те­ңіз жағалауында «Бірлес­тік-2024» халық­ара­лық оқу-жаттығуы салтанат­ты жағдайда ашыл­ды. Жаттығуға Қазақ­стан Қарулы күште­рінің қол­­­басшылығы, жатты­ғуға қатысушы елдер деле­га­­ция­­ларының басшылары, Ақ­тау гарнизонының әскери қызметшілері, ардагерлер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Саясат • 05 Шілде, 2024

Жаһандық тұрақтылыққа бағытталған жиын

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысынан кейін саммит «ШЫҰ плюс» форматында жалғасты. Еуразия құрлығындағы беделді халықаралық ұйымның алқалы жиыны «Көпжақты диалогті нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» деген тақырып аясында өтіп, диалог форматын дамытатын елеулі ұсыныстар айтылды.

Қоғам • 04 Шілде, 2024

Ақылды «Феликске» алғыс

Астана қалалық полиция бөлімшесіне сегіз жастағы баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау түскен бетте полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кіріседі.

Саясат • 04 Шілде, 2024

Тиімді кездесу мен пікір алмасу

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Астана қа­ласы мәсли­хатының төр­аға­сымен және мәсли­хат­тың тұрақты комиссия­ларының төрағаларымен кездесті.

Қоғам • 03 Шілде, 2024

Бақылаусыз кеткен балалар

Жас өскіннің жауапкершілікті сезінбеуі құқық бұзушылық пен қылмысқа бастайды. Бұл орайда беймезгіл уақытта жүретін жасөспірімдердің жүріс-тұрысына үйдегі ата-ана беретін тәрбиенің тізгіні бос болмағаны жөн. Өкінішке қарай, бүгінде сауық-сайран салып, аулада әңгіме-дүкен құруды қалыпты дағдыға айналдырған кәмелетке тол­ма­ғандардың тәртібі де өзекті бола түсті.

Құрылыс • 02 Шілде, 2024

ЖЭС жұмысымен танысты

Парламент Мәжілісі депутаттарының аймақтарға іс-сапары басталды. Палата депутаттары сайлаушылармен кездесіп, 10 шілдеге дейін «Amanat» партиясы Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының нысандарын аралайды.

Басылым • 28 Маусым, 2024

БАҚ-тың басты миссиясы

Әлем тәжірибесінде журналистердің қызметіне мамандық емес, миссия ретінде қарайтын қағида қалыптасқалы қашан. Өйткені халық пен биліктің арасындағы алтын көпірдің міндетін атқарып, жұрттың жайын қаламына арқау ететін, елдіктің жайын қозғайтын мамандардың маңыздылығы да осында. Кейінгі жылдары журналистика саласына келушілердің қатары көбейгені қуантады. Алайда саны артқанымен, айтылар сын мен тағылар мін де көбейді. Ақпарат құралдарының беделіне қатысты пікір де сан алуан.

Үкімет • 27 Маусым, 2024

Әлеуметтік мәселелер шешімін табады

Кеше Парламент Мәжілісінің ке­зек­ті отырысы өтіп, палатаның екін­ші сессияда атқарылған жұмы­сы қо­ры­тындыланды. Сондай-ақ «Ғы­лым мә­сел­елері бойынша өзгеріс­тер мен тол­ықтырулар енгізу тура­лы» заң жо­басы қаралып, Премьер-ми­нистр­дің орынбасары Тамара Дүй­сенова мемлекеттік органдар­дың де­пут­аттарға келіп түскен аза­­мат­­тар­дың өтініштерін қарау нә­ти­­желері жайында баяндама жасады.