
Елорда • 10 Маусым, 2024
Елордалық полицейлер осындай девизбен велошеру өткізді. Нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында, сондай-ақ «Нашақорлыққа қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алудың 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру аясында ұйымдастырылған шараға астаналықтар да үлес қосты.
Қоғам • 08 Маусым, 2024
Бала құқын қорғау мақсатында жетімдер үйінің санын қысқартуды қолға алғанымызға да біраз жыл болды. Жекелеген құқық қорғау ұйымдарының ұсынысы негізінде орталықтағы балалар отбасылардың қамқорлығына беріліп келеді. Жетімнің саны қағаз жүзінде азайғанымен, асырап алған отбасында қиындық көріп, басынан таяқ арылмаған балалар туралы да жиі айтыла бастады.
Айбын • 08 Маусым, 2024
Сайдың тасындай сарбаз сан түрлі жағдайға сақадай сай. Сыптығыр болмысы ширыққан ол сынаптай сырғыған уақытта сілтідей тынып, Отан қорғау жолында туабітті жауынгерге айналды. Ол – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы Оразбек Ермекбай.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Қазақстанның мәдениет, өнер және БАҚ саласы мен дипломатиялық корпус өкілдері елордадағы түрік таңғы асында бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 04 Маусым, 2024
Астанадағы Назарбаев университетінде жоғары оқу орындарының студенттері АҚШ-тан келген оқытушыларымен бірге пікірсайысқа қатысты. Жыл сайын өткізілетін жобаның мақсаты – тіл үйренудегі тың тәсілдерді тәжірибе арқылы көрсетіп, екі ел арасындағы өзара біліммен алмасу.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2024
Жұрттың қарасы көп жерде тәртіп жиі бұзылатыны рас. Әсіресе байрақты бәсекелерде жанкүйерлер арасындағы құқық бұзушылықтың қылаң беру де қалыпты жағдайға айналған.
Үкімет • 30 Мамыр, 2024
Маңызды түзетулер мен толықтырулар мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің ішкі, сыртқы мәселелеріне қатысты 14 заң жобасы қаралды. Соның ішінде елдегі маңызды құжаттар ғана емес, «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары, Қытай мен Қазақстан Үкіметтерінің көлік бағыты, «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу» жөнінде хаттама да бар.
Тағзым • 25 Мамыр, 2024
Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай кеше елордада тарихи тұлғаның сара жолына арналған дөңгелек үстел өтті.
Сұхбат • 25 Мамыр, 2024
Тілдің жай-күйі өзекті тақырыпқа айналғалы қашан. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл тазалығы пікірталасқа жиі арқау болып жүр. Алайда қазір баспасөз бен көгілдір экранда, радио мен ақпараттық сайттарда қазақ тілінің жазылу емлелерінен бастап, айтылуы мен оқылуына дейін мың құбылып жүр. Осы күнге дейін жазылмаған қағидаға айналып, үлгі болып келген бір ережеге бағыну былай тұрсын, құлаққа түрпідей тиетін сөздер көбейді. Осы орайда сөйлеу мен жазу мәдениетінің маманы, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ақпарат айдынындағы тіл мәселесі туралы ой-пікірін білгенді жөн көрдік.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Батырлар рухы – тәлім-тәрбие қайнары
Достық үйінде биыл 100 жылдық мерейтойлары аталып жатқан Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған іс-шара өтті.